» » Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді

Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді

Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені су астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда Жаңатұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) ауылдарын су басқан. Жалпы 620 үйге зақым келген.

Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күні бұл орындарға орналасқан адам саны 7000-ға жуық.

Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкері тексеруден өткізіп жатыр. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендеріне 5 блокпост қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы Қоғалы елді мекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.

«Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақтылы көрсетіліп жатыр» деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.




03 мамыр 2020 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 524

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930