» » Карантин. Қайда жүргеніңді қалтаңнан қадағалайды

Карантин. Қайда жүргеніңді қалтаңнан қадағалайды

Қостанай облысы тұрғындарының үй карантині режимін сақтауы олардың смартфондары арқылы қадағаланады, деп хабарлайды Толқын газетінің сайты.
Үй карантинінде отыруға тиісті азаматтарды енді "Смарт Қостанай" мобильді қосымшасы арқылы қадағалайды. Оның көмегімен мамандар карантин кезінде адамның қайда жүргенін ғана емес, оның жеке мәліметтерін де көреді. Сондай-ақ, карантин режимін сақтауға міндетті адам бұл қосымшаны орнатудан бас тарта алмайды - делінген хабарламада.
Осы мақсатта үй карантиніндегі азаматтарға қашықтан бақылау жасайтын арнайы мониторинг орталығы құрылды. Ол Қостанай медициналық колледжінің базасында ашылған. Бұл жерде мамандар карантиндегі адамның қайда және сағат нешеде барғанын қадағалайды. Ақпарат әр 20 минут сайын жаңартылады.


30 сәуір 2020 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031