» » Қызылордалықтар 15 мың теңге коммуналдық төлем үшін қайда өтініш беруі керек?

Қызылордалықтар 15 мың теңге коммуналдық төлем үшін қайда өтініш беруі керек?

Қызылордада төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет ақысы есебінде берілетін 15 мың теңге үшін өтініштер call орталықтары арқылы қабылданады. Олардың тізімін облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде жариялады.
Тұтынушы өз өтінішінде жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін, есепшот дерегін көрсетуі тиіс.
Өтінімдер келесі call орталықтары арқылы қабылданады:
Қызылорда қаласы: 400-700 телефон нөмірі немесе 15.epd.kz сайты;
Арал ауданы бойынша : 2-22-24;
Қазалы ауданы бойынша : 7-91-35;
Қармақшы ауданы бойынша : 2-27-62;
Шиелі ауданы бойынша: 4-32-66;
Жаңақорған ауданы бойынша: 2-10-17;
Сырдария ауданы бойынша : 2-20-01.
Жалағаш ауданында көп каналды байланыс жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде 123 мыңнан астам тұрғын көмек алуға құқылы. 15 мың теңге келесі санаттағы азаматтарға тиесілі:
1. І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер.
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер.
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар.
4. Көпбалалы отбасылар.
5. Ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер.
6. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
7. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
15 мың теңге басқа әлеуметтік төлемдер сияқты тұрғындардың емес, бірден коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есепшотына аударылады.
«Коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртектегі сома 15 мыңнан кем болса, төлем келесі мерзімге шегеріледі. Коммуналдық қызметтің бір бөлігін өтегені бойынша сома түбіртекте көрсетіледі», – деді басқарма басшысы.
Мемлекет аталған ақыны сәуір, мамыр айлары үшін төлейді. Барлық өтініш мамыр және маусым айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Белгіленген санаттағы азаматтардың өтініші негізінде ай сайын бір есепшотқа 15 мың теңге көлемінде төлем жүргізіледі.

29 сәуір 2020 ж. 984 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031