» » Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды

Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды


Қазақстанда карантин кезінде қандай санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерді өтеуге 15 мың теңгеден берілетіні анықталды.

Қазақстанда төтенше жағдай мен карантин уақытында тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірленді, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.

Карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек.
Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.


21 сәуір 2020 ж. 1 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 216

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930