» » Карантиндегі өңір тұрғындарына коммуналдық шығын үшін берілетін 15 мың теңгені кімдер алады?

Карантиндегі өңір тұрғындарына коммуналдық шығын үшін берілетін 15 мың теңгені кімдер алады?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантинге жабылған өңірлердегі халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін 15 мың теңгеден аударылатынын мәлім етті, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
«Президент төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырды. Оны орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметті жеткізушілермен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі», – деді министрліктен.
Нақтырақ айтқанда, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы 15 мың теңгеден аударып отырады. Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар:
– 1, 2, 3 топ мүгедектері;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– көпбалалы отбасылар;
– ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
– төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
– атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
«Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексеріп, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады», – делінген хабарламада.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктер тұтынушылардан өтінімдерді қабылдап, олардың растығын тексеруді дұрыстап ұйымдастыруы керектігін еске салып отыр.
18 сәуір 2020 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031