» » ANTIKOR.LIVE жобасы

ANTIKOR.LIVE жобасы


Қазіргі уақытта, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайда енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес және COVID-19 коронавиурсының таралуына жол бермеу мақсатында барлық шаралар онлайн форматына ауыстырылғаны белгілі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға, нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және халықтың сенімін сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Бұл ретте, Агенттіктің бастамасы негізінде, ANTIKOR.LIVE жобасы аясында, Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Антикор орталығы» ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында онлайн форматында шаралар жүйелі ұйымдастырылып келеді.
ANTIKOR.LIVE жобасы аясында төтенше жағдай жарияланғаннан бері 42 рет тікелей эфирден елімізге елге танымал тұлғалардың және мемлекеттік орган басшыларының қатысуларымен әлеуметтік, дін, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, еңбек саласындағы бақылау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар т.б. тақырыптарда тікелей эфирден сұхбаттар беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілуде және осы шараларды Департаменттің ресми әлеуметтік желісінде 10933 адам қарап, жағымды пікірлер білдірген.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан шараларға, ескертпелерге қарамастан, пендешілікке салынып, өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға барып, соңында қылмыстық жауапқа тартылып, кеш өкініш білдіретіндер де жоқ емес.
Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу қажет.
Бұл ретте, Мемлекеттік органдармен жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейлеріне баға беру үшін, заңға жаңа институттар енгізілген:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін талдау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сонымен қатар, әр азаматтың қорғаны әрине ол заң білушілік, яғни жалпы алғанда Қазақстан Республикасымен берілген жеңілдіктерді, әлеуметтік, материалдық және т.б көмектерді пайдалану бір сөзбен айтқанда Конституциялық құқығын пайдалану болып табылатыны сөзсіз.
Кімде кім болсын, өздерін экономикасы гүлденген, жан - жақты әлеуметтік қамтылған, сыбайлас жемқорлық көріністері жоқ және байқалмайтын ортада өмір сүрулерін армандайтыны хақ.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс.
ANTIKOR.LIVE жобасы аясында өткізілетін шараның уақыты, тақырыбы Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің фейсбук әлеуметтік желісінде жариялануда.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.

Нұғман Үсенұлы Жакудаев,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Превенция және парасаттылық басқармасының
бас маманы.

24 сәуір 2020 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031