» » Қызылордалық дәрігер: Үйге бармағаныма 3 апта болды

Қызылордалық дәрігер: Үйге бармағаныма 3 апта болды

Жаңақорған ауданаралық ауруханасының инфекционист дәрігері Әсел Сейілова соңғы үш аптада қалай жұмыс істеп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Әсел Сейілованың айтуына қарағанда ол соңғы үш апта үйіне бармаған. Тәулік бойы жұмыс орнында қалады.

«Менің үйге бармағаныма 3 аптадай уақыт болды. Жұмыста қонып, осында қалудамыз. Бұл барлығымыз үшін қауіпсіз. Мен ауруға шалдыққандарды емдеп және өзінің жақындарымды қауіпті дерттен қорғағым келеді. Қауіпті індетті жойғанша қызмет орнында боламыз», - деді Әсел Сейілова.

Сондай-ақ, ол жалақысы қосылған үстемақы туралы да айтты.

«Бала күнімнен дәрігер болуды алдыма мақсат еттім. Сол арманыма қол жеткіздім. Он жылдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып келемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еңбегімізді ескеріп, айлығымызға қосымша төлемақы төлеуге шешім қабылдағанын білеміз. Маған наурыз айының жалақысына үстеме төленгені туралы ұялы телефоныма хабарлама келіп түсті. Оның көлемі 248 000 теңгені құрайды», - деді ол.

16 сәуір 2020 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 132

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930