» » Коронавирус жұқтырған қызылордалық келіншектің жаңа туған сәбиінен қауіпті індет табылмады

Коронавирус жұқтырған қызылордалық келіншектің жаңа туған сәбиінен қауіпті індет табылмады

Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны дүниеге әкелген балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.


«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», – деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, кеше Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып, дүниеге салмағы 2970,0 грамм, бойы 51 сантиметр сәби әкелген болатын.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.


10 сәуір 2020 ж. 1 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031