» » "Карантин режимін бұзғаны үшін азаматтығынан айырылуы мүмкін"

"Карантин режимін бұзғаны үшін азаматтығынан айырылуы мүмкін"

Інжу Қабылдина қазір отбасымен бірге Сингапурда тұрып жатыр. Ол бұл мемлекетте пандемиямен күресте қандай шаралар қолданылып жатқаны және сингапурлықтардың үкіметке алғысы туралы айтып берді.


— Мен продюсер әрі имиджмейкермін. Қазірде бала күтіміне байланысты еңбек демалысындамын, бос уақытымда Instagram парақшасында блог жүргіземін. Біз осы жылдың қаңтар айында Сингапурге келдік. Жолдасым университеттен Global MBA бағдарламасы бойынша оқуға грант ұтып алды. Біз төрт айдан үш мемлекетте боламыз — БАӘ, Австралия және Сингапур.

Вирустың екінші толқыны
— Сингапурдегі жағдай туралы айтып беріңізші. Соңғы оқиғаларға қатысты мемлекет қандай шаралар қолдануда?

—Басқаларға қарағанда бұл мемлекеттің пандемияға дайындығы жақсы болды. Сингапурге 2003 жылғы SARS эпидемиясы (осыған ұқсас пневмония) үлкен ықпал етті.

2020 жылдың ақпан айынлда коронавирустың алғашқы толқыны таралды. Мемлекет Қытаймен тығыз байланыста болғанына қарамастан (халықтың 76% – этникалық қытайлар) аурудың таралуын тежей алды. Сондықтан ақпан айынан бастап наурыз айына дейін мұндағы мекемелердің бәрі жұмыс істеді, үй карантині деген болған жоқ. Қашықтан жұмыс істеу, оқу және әлеуметтік қашықтық туралы ұсыныстар берілді. Адамдар күнделікті тірлігін жасап, ешқандай қауіп күткен жоқ. Орташа есеппен күніне 15 жағдай тіркелді, аурудан айыққандардың саны да жоғары болды. Ал наурыздың соңында Covid-19-дың екінші толқыны келді. Сингапур азаматтары АҚШ және Еуропа елдерінен қайтып келуге мәжбүр болды.

Сондықтан мемлекет пандемиямен күрес шаралары күшейтті.

7 сәуірде премьер-министр ресторандар мен ойын-сауық ғимараттарының, адамдар жаппай жиналатын орындардың жабылатыны туралы хабарлады. Жұмыс орнына бару аса қажет емес салалардағы қызметкерлердің үйден жұмыс істеуін талап етті. Мектептер мен университеттерде қашықтан оқыту режимі енгізілді.

Карантиннен қашсаң, азаматтығыңнан айырыласың

— Халықтың карантин режиміне көзқарасын қалай сипаттап бере аласыз?

— Коронавирусқа қатысты мәселеге сингапурліктер сабырлық танытып, жауапкершілікпен қарады. Мемлекеттің заң талаптарының сақталуына өте қатаң қарауы да үлкен рөл атқарды. Мәселен, үй карантинін бұзғаны үшін бір ер адам азаматтығынан айырылды.

Сондай-ақ карантин талаптарын бұзғаны үшін 10 мың сингапур доллары көлемінде айыппұл салынады немесе алты айға бас бостандығынан айырады.

— Сіз неге ерекше назар аудардыңыз немесе неге қатты таңғалдыңыз?

— Біріншіден, елдің премьер-министрі күн сайын тікелей эфирге шығып, жағдайды баяндап, халықты рухтандыруға тырысады.

Екіншіден, қалыптасқан жағдайға байланысты мемлекет барлық кәмелеттік жасқа толған азаматтарға кем дегенде 600 сингапур доллары (200 мың теңге) болатын жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Халық пен ШОБ қолдау аясында барлығы 60 млрд сингапур доллары (42 млрд долларға жуық) бөлінді.

Үшіншіден, мемлекеттің азаматтарына деген көңілі таңғалдырды. Мысалы, наурыздың соңында Жаңа Зеландияда оқып жүрген 6 студент елге қайтарылды. Жастар алғыс білдіру үшін Сингапур әуе бағыттарының экипаждарына арнап маори атты дәстүрлі билерін билеп берді

Сондай-ақ биліктің тапсырмасымен елде бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерді тегін таратуда.

Алғашқы нәтижесі

— Карантин адамдардың өміріндегі көп нәрсені өзгертті. Сізде не өзгерді?

— Коронавирусқа қатысты қазіргі жағдай, күні бүгінге дейін созылған карантин режимі өзіміздің ішімізге үңілу, құндылықтарды, көзақарастарымызды және ой-тілектерімізді қайта қарау үшін берілген.

Бұл жағдай біздің қолымызда бар нәрселерді: еркіндігімізді, табиғатты және жалпы жерді бағаламайтынымызды көрсетті. Бірақ жақын арада барлығы аяқталып, күнделікті өмірімізге қайта оралатынымызға сенімдімін. Әрине барлығы бұрынғыдай болмайды. Қоғамдағы үрдістердің барлығы қайта қаралады. Болашақ бізге байланысты. Бір-бірімізді құрметтеп, қарт адамдарды сыйлай білейік.

Сұқбат: 365info.kz

09 сәуір 2020 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031