» » Қызылордалық кәсіпкерлер карантиндегі науқастарға ғимарат берді

Қызылордалық кәсіпкерлер карантиндегі науқастарға ғимарат берді

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жазбадан белгілі болғандай, кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев пен Мұрат Сәрсенбаев ел басына түскен сынақты жеңілдету үшін көмектесуге ынта білдірген, деп жазады Сыр бойы газетінің сайты.
Атап айтқанда, Қ.Боранбаев қонақүйін, М.Сәрсенбаев әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға беріп отыр. Бұған дейін де, Ділмұхамед Абызов, Аида Керімқұлова сынды өзге де кәсіпкерлер халыққа тегін маска таратып, өңір тұрғындарына моральдық қолдау көрсеткен болатын.
"Осындай қайырымды жандар барда біз алмайтын асу, бағындырмайтын биік жоқ. Бар болыңдар, Сырдың арда азаматтары!», - делінген жазбада.

01 сәуір 2020 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031