Короновирус: Екеуі – Қызылорда қаласында, біреуі – Жаңақорғанда
Қызылорда қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 5-ге жеткеніне байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов шұғыл түрде науқастардың жағдайын баяндады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz

Басқарма басшысы науқастардың жағдайына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, АҚШ-тан келген азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы тек дене қызуының көтерілуіне болып отыр. Жаңақорған ауданаралық ауруханасында жатқан науқастың жағдайы орташа ауыр деп айтуға болады. Оның шағымы жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілуі.
Ал үшінші науқаста улану сиптомдары және қосымша қызылша дерті бар екені анықталды. Сондықтан оның да жағдайы орташа ауырлықта деп баға берілді.
«Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес, емі жүргізілуде. Қызылшамен ауырып түскен науқастың жағдайы кешегі күнге қарағанда жақсаруда», – дейді басқарма басшысы.