Құрылтай
» » Мемлекет басшысы «Қалаулым» жобасына қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы «Қалаулым» жобасына қатысты тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін мәлім етті. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz хабарлады. 
«Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес «Қалаулым», «Қалауым сен» атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.
Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады», – деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Фейсбук парақшасында.
28 наурыз 2020 ж. 10 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31