» » Қармақшылық ғалым антисептик ойлап тапты

Қармақшылық ғалым антисептик ойлап тапты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары вирустар мен бактерияларға қарсы әсері жоғары антисептик ойлап тапты, деп жазады kyzylorda-news.kz
Бұл сұйықтықтың артықшылығы қолданылғаннан кейін ұзақ уақыт бойы күшін жоймайды. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Нұрбол Аппазов өнертабысын жақын күндері патенттеп, өндіріске ұсынуды жоспарлап отыр. Әзірге ол өз шәкірттерімен бірге университет зертханасында залалсыздандыру сұйықтығының күніне 20 литрін әзірлеп, оқу орны қызметкерлерін қамтамасыз етуде.
«Дәріханаларда антисептиктердің жетіспеушілігі және кейбірінің сапасының төмендігін анықтағаннан кейін химиялық білімімізді пайдалы іске жаратуға ниеттендік», – дейді ғалым.Осылайша олар коронавируспен күрес шараларына үлес қосуды көздеген.
«Біз әзірлеп шыққан сұйықтық сол мезетте микроағзаларды жойып, әрі қарай оның күші бірнеше сағатқа дейін созылады. Бірақ біз ең кемі бір сағатқа дейін созылатын қасиетін айтып отырмыз. Сондай-ақ қолды құрғатпай, ылғалдандырып, терінің қасиеттерін де сақтайтын мүмкіндіктері бар», – дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ химиялық зерттеу және технологиялар институтының директоры Нұрбол Аппазов.
27 наурыз 2020 ж. 1 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930