» » «Коронавирус жоқ» деген Нұрлан Еспанов айды аспанға бір-ақ шығарды (ВИДЕО)

«Коронавирус жоқ» деген Нұрлан Еспанов айды аспанға бір-ақ шығарды (ВИДЕО)

Видеоны көргендер: "Қумашы", "Басы істемейді, мына жігіттің", - деп әншіні жерден алып жерге салуда. Әзіл айтудан алдына жан салмайтын танымал әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов  "коронавирус жоқ" деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында шетелде болып келгенін айтып, елді коронавирусқа байланысты дүрлікпеуге, эмоцияға берілмеуге шақырды. Сондай-ақ, ол  шетелде маска киіп жүрген адамдарды көрмегендігін жеткізді.
"Құрметті мырзалар, инста достар, мінекей, Мәулен екеуміз қалаға шықтық. Көрдіңіздер, қалада әдеттегідей кептеліс. Негізі мынау коронавирус, коронавирус дейді ғой. Кеше өзім шетелде болып келдім, көрдім. Маска киіп жүрген бір адам жоқ. Ол негізі өтірік. Шли (тым) өйтіп эмоцияға беріліп, қаладан шығып, ойбай-ау қашып, азық-түліктің бәрін алудың қажеті жоқ. Ұнға коронавирус тимейді ғой, мысалы, азық-түлікке коронавирус тимейді. Ол тірі нәрсеге тиетін дүние ғой. Былайша, коронавирус деген жоқ. Қазір ғана міне, Стамбулдан әріптестерім хабарласты. Ринат Байсейітов, Азия тобы, біраз әншілер... . Египеттен балалар хабарласты (бейнебаян түсіріп жүрген). Ол жақта да ештеңе жоқ. Уайымдамаңыздар, аман болайық! Бұл күн де өтеді де, кетеді. Бұл жай ғана қолдан жасалып жатқан дүние ғой. Үрейге берілмеңіздер! Бәрі дұрыс, бәрі тамаша болады. Өмір алда!", - деп көпшілікті үрейге бой алдырмауға шақырды. 
Айтпақшы, әншінің желіге жүктеген видеосын "Kaz Tengri" youtube-каналы жариялаған.
Нұрлан Еспановтың коронавирус жайлы ойын айтып, түсірген видеосын көргендер болса, "Алдама, халықты бәрібір сақтануға шақыр, дүние шулап жатқанда қапы қалмайық! Қорықпайық, бірақ, сақтанайық, ет жеген халыққа онша-мұнша ауру жоламайды", "Қумашы", "Басы істемейді, мына жігіттің", - деп әншіні жерден алып жерге салуда. 
22 наурыз 2020 ж. 2 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728