Құрылтай
» » Сындарлы сәтте сыр бермейміз

Сындарлы сәтте сыр бермейміз

Қадірлі қауым! Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты сақтық шараларын жасап, мейлінше коронавирустың алдын алуға тырысуымыз керек. Мемлекет тарапынан төтенше жағдай жарияланып, қоғамдық саяси жағдайды тұрақты ұстау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте халықтың негізсіз ақпаратқа алданбай, дәйексіз әңгімеге ермей, дүрбелеңге түспей сабыр сақтауы маңызды. Ескерте кетер жайт, тек қана ресми орган таратқан ақпаратты алмасып, аурудың алдын алу мақсатында іс-әрекет жасауымыз қажет. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер және WhatsApp мессенджері арқылы алып-қашпа ақпараттар тарап, онсызда әрі-сәрі күй кешіп отырған халықтың есін алуда. Әлемді әбігерге салған коронавирустың құрсауынан құтылу үшін негізгі талапты орындап, маман кеңесіне құлақ түргеніміз абзал.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Қазақстан халқына Үндеу жариялап,  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Тұңғыш президент қоры есебінен 200 миллион теңге бөлді. Жалпы, коронавирусқа қарсы күреске арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын "Nur Otan" партиясы бақылауында ұстайтынын айтты.
Азиз ДҮКЕНБАЙ,
ұстаз
20 наурыз 2020 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31