» » Қазақстанда коронавирусқа байланысты сайт іске қосылды

Қазақстанда коронавирусқа байланысты сайт іске қосылды

Қазақстанда коронавирусқа қатысты сайт құрлды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

сайт
Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 
"Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда", - деп жазады министр.
Сөзінше, осы орайда www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылыпты.
"Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталады. Оған қоса, сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген", - деп қосты министр.
Бұған қоса Абаев азаматтарға арналған сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болатынын жеткізді. Айтуынша, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады.
"Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын", - дейді Абаев.

20 наурыз 2020 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728