» » Түркияда өткен турнирде 83 жастағы қызылордалық қария чемпион болды

Түркияда өткен турнирде 83 жастағы қызылордалық қария чемпион болды

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 83 жастағы тұрғыны Аққоян Ырсалиев Түркияда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желаяқтар жарысы Анталия қаласында өткен. Халықаралық сайысқа түркиялықтармен бірге Франция, Германия және Қазақстаннан жасы сексеннен асқан спортшылар қатысқан.
Жастайынан спортқа жақын қазалылық қария мыңнан астам желаяқтың арасынан озып шығып, алтын медаль алған.
Теміржол саласының ардагері Аққоян қария оқушы күнінен-ақ бокспен шұғылданған. Әуе-десант әскері қатарында азаматтық борышын өтеген. Сондай-ақ ол 281 мәрте парашютпен секіріпті.
Бүгінде Аққоян Ырсалиев ардагерлер арасында өтетін жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр. Сондай-ақ, ол күн сайын таңертең жүгіріп, жаттығу жасайды.
2011 жылдан бері Алматы марафонына қатысып келеді. 2015 жылы аталмыш жарыста алтын медаль алған. Сергектікті серік еткен қария күн сайын кемінде 10 шақырым жүгіреді. Ал жарысқа барар алдында 30 шақырымды бағындырады екен.
Мэлс Молдағалиевтің айтуынша, оның салауатты өмір салтын ұстанып, күнделікті суға түсіп жүргеніне 40 жылдан астам уақыт болған.
12 наурыз 2020 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 132

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930