» » Жас журналистерге жол ашуда

Жас журналистерге жол ашуда


"Жас журналистер" клубына мүше болсам, өзімді дамытсам, жетілдірсем деген жастар орталыққа жиналды. Газет-журнал мен теледидардағы жаңалықтарға елеңдеп, оларды өздігінше сараптап, жақсысын көңілге медет тұтатын жас буынды көріп, біз де қуанып қалдық. 90 жылдан астам тарихы бар "Сыр бойы" газеті редакторының орынбасары Гулжазира Жалгасова, облыстық "Qyzylorda" телеарнасының редакторы Шолпан Исабекова және жас журналист, облыстық "Сыр бойы" газетінің тілшісі Айдана Жумадинова бастаған комиссия мүшелері осы іріктеуге қазылық етіп, әділ шешімін шығарды. 
Алдағы уақытта қазақ журналистикасының әлемдік деңгейге көтерілуіне тамшыдай болса да үлес қосуды мақсат етіп отырған 15 жас клуб жұмысы аясында шеберлігін шыңдамақ.  Айта кетейік, бұған дейін "Жас журналистер" клубының іріктеуі жайында барлық желілерде хабарландырулар орналастырылды. Нәтижесінде қаладан 40-тан астам жас құжат тапсырып, оның 15-і іріктеуден сәтті өтті. Енді олар белгілі журналистерден дәріс алып, оны практика жүзінде іске асыра алады. 
09 наурыз 2020 ж. 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728