» » Қ.Ысқақов: Егер отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса – атаулы әлеуметтік көмектен тұтас отбасы қағылады

Қ.Ысқақов: Егер отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса – атаулы әлеуметтік көмектен тұтас отбасы қағылады

    Қызылорда облысында мұнай өндіру төмендеп кеткенімен, аймақ басшылығы өңірде жаппай қысқартуларды болдырмай, еңбекке жарамды халықтың барлығы жұмыспен қамтылып, олардың өзін-өзі және отбасын қамтамасыз ете алатындай болуына барынша күш салып келеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
    Облыс әкімінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке байланысты мәселелер былтыр және тіпті биылдың өзінде аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналар тарапынан туындап отыр. Ал, бұл ретте мемлекет оларға жәрдем көрсетіп, аталған отбасылардың табыстарын көбейтуге арнайы шаралар қабылдағаны белгілі.
    «Біз осындай проблемаларға, әсіресе, жәрдемақы алу үшін адамдардың өз табыстарын жасыру, салықтан жалтару, әдейі ажырасу, мүліктерін туысқандарының атына жазу сияқты фактілері орын алған кезге тап болдық. Жұмыс берушіге қарағанда мемлекет төлейтін атаулы әлеуметтік көмек көбірек болғандықтан, кейбіреулер тіпті әдейі жұмыстан да шығып жатты. Оларға жұмыс істемей-ақ, үйде отырып, мемлекеттен жәрдемақы алу тиімді болды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет адамдардың масылдық көңіл-күйіне тап болды. Ең сорақысы, атаулы әлеуметтік көмек алуға ниет білдіргендердің ішінде тіпті екіқабатты коттеджде тұратын тұлғалар да кездесіп жатты», – деді облыс әкімі.
    2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алуға әр отбасы мүшесіне күнкөріс минимумының 70 пайыздан аз келетін (күнкөріс минимумы – 28276 теңге, оның 70%-ы – 19793 теңге) отбасылар ғана үміткер болатындай шешім қабылданды. Сондай-ақ, бұл ретте отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеуі міндетті.
    «Биыл кем дегенде 10400 тұрақты жұмыс орындарын ашуды көздеп отырмыз. Бос орындарға, мемлекеттен жеңілдік берілетін жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, жеңілдетілген шағын несиелер, қайтарымсыз гранттар беру, жаңа мамандықтарға оқыту ұсынылатын болады. Алайда, егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі жұмыспен қамтудың ұсынылған шараларынан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмекті оған ғана емес, тұтас отбасына да төлеу тоқтатылатын болады. Бұл елімізде барлығына бірдей ортақ ереже!», – деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.
19 ақпан 2020 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031