» » Облыс әкімі: Биыл мұнай-газ саласын дамытуда елеулі өзгерістер болады

Облыс әкімі: Биыл мұнай-газ саласын дамытуда елеулі өзгерістер болады

    Биыл ҚызылордадаШу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізу басталады, деп жазады Kyzylorda-news.kz. 
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есебі кезінде мұнай-газ саласын дамытуға қатысты пікір білдірді.
    «2019 жылдың ақпанында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысын дамыту мәселелері қаралған кезде, мұнай-газ саласын дамыту, жаңа кен орындарын барлау, газ өндіру және өңдеу мәселелерін үлкен блок етіп көтердік», – дейді облыс әкімі.
    Аймақтың кешенді дамуына қатысты бірқатар мәселелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген. Жоғарыда айтып өткендей, биыл Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізіледі. Бұл – мұнай-газ саласын дамыту мәселесіндегі елеулі өзгерістер болмақ.
   
    «Өте қымбатқа түсетін жұмысты бастау үшін биыл республикалық бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр», – дейді Қуанышбек Ысқақов.
   
    Сонымен қатар аймақ басшысы айтып өткендей, жоспарда аз зерттелген «Оңтүстік Торғай және Сырдария» шөгінді бассейндерін барлау көзделген. Осы шөгінді бассейндер бойынша жұмыстарды бастау үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуіне жұмыс жасалатын болады.
19 ақпан 2020 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031