» » Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

     Қызылордалық бір топ студент садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
     Мұндай толық аяқталған компьютерлік ойын Қызылорда облысында алғаш рет дайындалып отыр, дейді мамандар. Абылайхан Қарсақбай және ағайынды Сұлтан мен Бек Қазилардың "3Д" туындысы IT мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болыпты.
    Олар бұл ойынды арнайы бағдарламалар негізінде 4 ойын өңдеуге арналған құралдар жиынтығының көмегімен төрт айда құрастырған. Әзірге қызылордалық өрендер ортағасырлық қала сипатында тұрып, садақ ату ойынын ғана виртуалды әлемге енгізді. Алдағы уақытта ат үстінен нысана көздеу идеясын да "3Д" негізінде жүзеге асыруға ниетті екен.
    – Осылайша компьютер мен смартфонға телмірген жастардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттырамыз, – дейді жас өнертапқыштар.      
    – Алда көптеген ойын шығару жоспарымыз бар. Тек VR емес, компьютерге де, ұялы телефонға да шығару ойымызда бар. Қазір 2 жоба дайын тұр, іске асырып жатырмыз. Тоғызқұмалақ, көкпар, асық ату, осы барлық қазақ ойындарының ЗD моделін істеп, ойын шығару жоспарда бар, – дейді студенттердің бірі Бек Қази.
16 ақпан 2020 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 812
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930