» » Тыл және еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті

Тыл және еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті

ЖОСАЛЫ, 7 ақпан – qarmaqshy-tany.kz «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл және еңбек ардагерлерінің мекен жайларына барып, әлеуметтік көмек көрсетілді. 

Атап айтар болсақ, «Аэропорт» бастауыш партия ұйымына қарасты №183 орта мектеп топтық ұйымының ұжымы 45 жыл білім саласында электр дәнекерлеуші болып еңбек еткен мектеп ардагері Васхудинов Рафаэльдің мекен жайына барып, әлеуметтік көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.
Ал, «Қармақшы» бастауыш партия ұйымына қарасты №113 орта мектеп топтық ұйымының мүшелері тыл ардагері Төлеуов Ақтұрған атаның үйінде болып, аула жұмыстарын атқарып, көмек көрсетті. Өз кезегінде Ақтұрған ата балаларға алғысын айтып, ақ батасын берді.
№79 негізгі мектебінің «Еріктілер» тобының мүшелері еңбек ардагері Қожабаева Саракүл апайдың үйінде болып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Қарт ана «Еріктілер» тобының мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.
«Томанов» бастауыш партия ұйымына қарасты №105 мектеп-лицей топтық ұйымының «Жас еріктілер» тобы ауданымыздың тұрғыны, тыл ардагері Сейтенова Назима әженің үйіне барып, өздерінің әдеби монтаждарын айтып, қол көмектерін берді. Қарт ардагер «Жас еріктілер» тобының игі істеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
07 ақпан 2020 ж. 1 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930