Көңіл сыры


Аяпбергенова Орынкүл Ахметжанқызы 1967 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ауыл орталығындағы №113 қазақ орта мектебінің түлегі. Алғашқы жыр шумақтары мектептің қабырға газеттерінде, аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде, облыстық газеттерде жарық көрген. Қазіргі таңда үш баланың анасы, 5 немеренің әжесі. Қаладағы «Даулет Азия» ЖШС мекемесінде инженер эколог болып жұмыс жасайды.

Ақ парағым жолдасым

Мен үшін ақ босаға ақ парағым,
Сезіміңді өзіңе алып барамын,
Мұңайсамда өзіңді іздеп барып,
Жан сырымды өзіңе ақтарамын.

Ақ бетіңді кіршіксіз жандай көрем,
Жаңа атқан шуақты таңдай көрем.
Қараңғыда жолымды жарық қылар,
Аспандағы толған бір айдай көрем.

Ақ парағым мен сені достай көрем,
Ақ бетіңді ұшқан бір құстай көрем.
Мен үшін түбі терең сыр сандықсың,
Өзіңе талай жырды тастай берем.

Жұмыр бас не көрмейді

Жұмыр бас не көрмейді, не көрмейді,
Сонда да мына өмірден түңілмейді.
Зымыраған күндерге ілесіп ап
Артына қарауғада үлгермейді.

Қу тіршілік жетектеп әкетеді,
Бүгін барды аяқ асты жоқ етеді.
Қанағатшыл пенденің көкірегін
Жетпеседе шүкірлік тоқ етеді.
Жұмыр бас не көрмейді, не көрмейді,
Сонда да үміт, құм боп үгілмейді.
Бақ дәулет бір алладан бұйырмаса
Қонбайды қанша қуып, жүгір мейлі.

Жұмыр бас не көрмейді, не көрмейді,
Келер бақыт бақшаңда егілмейді
Пейіліңе береді не берседе
Көз жасыңды көл қылып егіл мейлі

Тағдырдың жазуына бағынасың
Амал барма көндікпей неғыласың
Мұсылмандық парызың ниет қылу
Бір аллаға қол жайып жағынасың

Адалдықтың ақ жібін аттамағың
Дұға болсын аузыңда жаттағаның
Қайда жүрсең шүкірлік қылуменен
Алла – сөзін аузыңнан тастамағың.

Келер күнге үміт

Келер күнге үмітпен оянамын
Санамдағы көп ойға оранамын.
Өткен күннің беттерін жауып тастап
Келер күнді саралап ойланамын.

Ішкі түйсік құрбым боп сыр айтқандай
Үміт жағып жанымды жұбатқандай
Көңілімнің бөлмесін баяу басып,
Құлағымнан сыбырлап оятқандай.

Күн соңынан күн өтіп жалғасады,
Келер күнге үмітім жармасады
Жайдары жаз кейде, қысқа айналып
Көңілімді тоңдырып қар басады.

Өткен күнге өкпе айтып парақтадым,
Орындалмай қалды – деп талаптарым.
Тәттісіне өмірдің... жерік болып,
Ащы кермек алыпты ау тонап бәрін.

Үмітпенен өзімді жетеледім,
Сабыр сақта басыңды көтер дедім
Қолымдағы барыма шүкір айтып
Ол да егер, болмаса нетер дедім.

Бәріне де шүкірлік ете бердім
Бәріне де сабырым жетер дедім
Бұл алланың сынағы көтер дедім
Бұл да ертең сағым боп кетер дедім.

Орынкүл АЯПБЕРГЕНОВА.
Қызылорда қаласы.

Сыр бойы.
01 ақпан 2020 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031