» » Ю.Галышеваның табысы – көп жылғы еңбектің өтеуі

Ю.Галышеваның табысы – көп жылғы еңбектің өтеуі

Ю.Галышеваның табысы – көп жылғы еңбектің өтеуі
Юлия Галышева 1992 жылы 23 қазан күні Өскемен қаласында дүниеге келген. Халықаралық жарыстарға 13 жасынан бастап қатысып жүр. Фристайлшы қыз тұңғыш рет Еуропа кубогында бағын сынайды. Бірте-бірте тәжірибе жинап, байрақты бәсекелерде олжа салады. Дегенмен Юлияның спорттық мансабы оңай болған жоқ. 2007 жылы ауыр жарақат алады. Бірақ бойындағы үрейді жеңе білген Юлия үлкен спортқа қайта оралады. Бұл – Галышеваның үшінші Олимпиадасы. Былтыр қазан айынан бастап Финляндия, Қытай, Канада мен Америкада өткен әлем кубоктарының кезеңдеріне қатысып, Пхенчханға дайындығын пысықтап алған еді.
Юлия Галышева, Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері:
– Көңіл күйім өте жақсы. Ең бастысы, өзіңе сенімді болу. Қандай да бір қателіктер болып жатса да тоқтамау керек. Бұған дейінгі жарыстардан түйгенім өзіңе және өз командаңа сену.
Галышева Пхенчхан Олимпиадасына дейін талай рет әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған.
Қысқы Универсиада және Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Әлем кубогының кезеңінде топ жарып, бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген. Демек Юлияның табысы – көп жылғы еңбектің өтеуі.

12 ақпан 2018 ж. 1 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031