» » Қызылордалық жас әнші Беларусьте өткен конкурстың Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Қызылордалық жас әнші Беларусьте өткен конкурстың Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Қызылордалық жас өнерпаз Дінмұхаммед Төлеубай жақында Беларусьте өткен «Арт-парад» конкурсының Гран-при иегері атанды. Жас өнерпазбен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Еліміздің абыройын асқақ еткен өрен бүгінде Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі №11 орта мектепте жетінші сыныпта оқиды. Анасы Лида Бисенова Дінмұхамед балабақшада жүрген кезінен ән айтуға әуес болғанын жеткізді. Төрт жасында алғашқы әнін көпшілік алдында айтқан. Мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оған шындап ден қойды. «Бозторғай» байқауына қатысқан болатын.
Кейін талантты өнерпазды көптеген қызылордалық өнерпаздарды тәрбиелеп шығарған белгілі ұстаз Қаракөз Ақдәулетова байқаған.
«Дінмұхаммедтің үлкен атасы - Төлеубай кезінде ақындығымен көзге түскен екен. Көптеген шығармалары мерзімдік басылымдарда жарияланған. Айтыста да өз қолтаңбасын қалдырған. Атадан жұғысты болған сол өнердің киесі біздің Дінмұхаммедке қонған шығар дейміз. Әкесі - Ағабек пен анасы - мен екеуіміз де өнерден қашықпыз. Әкесі энергетика саласында қызмет атқарса, мен №11 орта мектепте ұстаз болып еңбек етемін», - деді анасы Лида.
Екінші сынып оқыған жылы оны елімізге белгілі музыка маманы Қаракөз Ақдәулетова өзінің сыныбына қабылдады. Музыкалық колледж жанындағы музыкалық мектепте талай талантты өрендер тәлім алады. Дінмұхаммед те солар секілді өрелі өнер әлеміне бет түзеген өрендер қатарына қосылды.  
«Мен оның деңгейін облыстық «Бозторғай» байқауында аңғардым. Содан кейін Дінмұхаммед екеуіміз жұмыс жасай бастадық. Рас, алғашқыда қиындықтар аз болған жоқ. Оның бәрін жеңдік. Қазір ол жоғары дауысты еркін алатын болғандықтан оның репертуарында итальяндық әндер де бар. Шынын айтайық, мұндай шығармаларды кез-келген өнерпаз орындай алмайды. Беларусь жерінде өткен «Арт-парад» конкурсына дайындыққа біраз уақытымызды жұмсадық. Еңбегіміз еселеніп қайтты. Филармонияның камералық оркестрінің сүйемелдеуімен де орындап көрдік. Жалпы, итальян тілі өте күрделі. Сондықтан халықаралық байқаудан абыройлы оралу үшін жасаған жұмысымыз аз емес. Алдағы уақытта «Новая волна» конкурсына қатысу жолдарын қарастырып жатырмыз. Шәкіртімнің шеберлігі алдағы уақытта одан да жоғары деңгейде шыңдала түседі деген сенімдемін», - дейді Қаракөз Ақдәулетова.
Соңғы жылдары қазақстандық көптеген әншілер дүниежүзінің дүбірлі бәсекелерінде қазақ елінің атағын аспандатып, мәртебесін биіктетіп келеді. Бүгінде ел арасында есімі кеңге жайылған Димаш Құдайбергенов, Ержан Максим, Данэлия Төлешова сынды жас буын өкілдері жұмыр жердегі жұрттың жадында жатталып қалды.  Қазақ халқының ән әлеміндегі өз өрнегін айшықтап үлгерді. Сырдарияның сыбдыр қаққан әсем әуені бесігінде әлдилеп өсірген Дінмұхаммед те сондай биіктен көрінуді қалайды. «Арт-парад» конкурсында сахнаға шыққан сәтімде қобалжу болғанын жасыра алмаймын. Барлығы маған сын көзбен қарады. Өнердегі ұстазым - Қарагөз апай әнімді орындауға шығар алдында маған күш-жігер береді. Сахнада қобалжуым сап тиылды, әнімді өз деңгейінде орындап шығуға көңіл бөлдім. Қазылар алқасы өнерімді жоғары бағалады. Олардың алдында әнімді жақсы шырқадым. Олар қошемет білдіріп, қол соқты. Бұл маған ерекше күш берді. Өте керемет әсерге бөлендім. Онда 18-30 жас аралығындағы дарынды жастармен сайысқа түстім » , – дейді Дінмұхаммед.
Жас әнші гран-при жеңіп алған сәтіндегі әсерін ерекше болғанын жеткізді «Байқауда гран-при жеңіп алған сәттегі әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өнер бәйгесінде көптеген достармен таныстым. Есімі белгілі азаматтармен сөйлесуге, ақыл-кеңесін тыңдауға мүмкіндік туды. Олардың қатарында тенор дауысты әнші, «Славянский базар» конкурсында жеңімпаз атанған Әділхан Макинмен жүздесудің сәті түсті. Одан өзге де үлгі тұтар көптеген ағалармен таныстым. Ресейдің белгілі баритон әншісі Павел Кузьмин де маған өз кеңесін берді. Сондай-ақ, Беларусь әншісі Руслан Алехно да өнер әлеміндегі қадамыма ақ жол тіледі. Арманым Қазақстанның атын әлемге таныту», – дейді ол. 

Әділет Талаптан

27 қаңтар 2020 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031