» » 440 келілік балуан салмағы 100 келіден асатын жар іздеп жүр

440 келілік балуан салмағы 100 келіден асатын жар іздеп жүр

Пәкістандық 27 жастағы балуан Арбаб Хизер Хайат өзіне жар іздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, rambler.ru-ға сілтеме жасап.
Талап бойынша, болашақ жарының салмағы 100 келіден асуы тиіс. Өзі 198 сантиметр болғандықтан, әйелдің бойы да 193 сантиметрден кем болмауы керек екен.
Хаяттың айтуынша, ол соңғы жылдары 200-ден астам қыздан бас тартқан. Өйткені, олар оған «өте арық» болып көрінген. Өзі егер әйелі нәзік болса, оны салмағымен езіп аламын деп қорқады екен.
«Ата-анам менің үйленгенімді қалайды. Олар немере сүйгісі келеді. Бірақ, мен әлі жар таба алмадым», - дейді алып жігіт.
Әйелге тамақ жағынан да талап қойылып отыр. Себебі, балуан күніне 10 мың килокалория тұтынатын көрінеді. Тек таңғы астың өзіне 36 жұмыртқа мен бірнеше кесе күріш жейді. Бір тәулікте 3 келі ет, 5 литр сүт және бірнеше тостаған күріш алады. Бірақ, денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ.
22 қаңтар 2020 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 192
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031