» » Қайырымдылық шарасы өтті

Қайырымдылық шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтың мүшесі Жасұлан Жакуповтың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шағын футбол ойынынаҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрама командасы, жергілікті атқарушы органдардан және белсенді жастардан құралған 23 команда қатысты. Қайырымдылық футболы "Евразия" және "Сейхун" мәдени спорт кешенідерінді бір мезгілде өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.Жастар арасында кең тараған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік екендігін ескерсек, еріктілер жылы аясында облысымыздың белсенді жастары алаңда доп теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын көрсетті.
Турнир ұйымдастырушылары Жасұлан Жакуповтың мәлімдеуінше аталған турнирдің басты мақсаты – "Сабалақ" саяжайында үйі өртеніп үйсіз қалған жас отбасыға көмектесу яғни турнирден жиналған қаржыны жас отбасыға табыстау.
Қайырымдылықты жанына жалау етіп, аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың басын біріктіріп, маргиналдық масылдықты жою мақсатында аянбай қызмет жасап жүрген жастардың басын біріктіріп үлкен шара ұйымдастырылды.
20 қаңтар 2020 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 196

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 147

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930