» » Bek Air ұшағының құлау себебі анықталды: Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады

Bek Air ұшағының құлау себебі анықталды: Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады

ІІМ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес, «Ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайдыSkifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәжірибелі тергеушілерден, сот-сарапшылардан, ІІМ орталық аппаратынан, көліктегі полиция бөлімдерінен, Алматы қаласы және Алматы облысындағы Полиция департаменттерінен, сондай-ақ, ТЖК-ден жедел-тергеу тобы құрылды.
«Оқиға орнына күзет қойылды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Тергеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин және ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов келді.
"Ұшақ құлағанға дейін құйрығымен екі рет жер сүйкеп, доңғалақтары жиналып алынған. Бұл ұшқыштың қателігі болды ма немесе техникалық ақау болды ма, мұны Халықаралық авиация комитетіндегі арнайы қадағалайтын комиссия анықтайтын болады. Ұшу жолағы өте жақсы жағдайда болды", – деді Скляр.
Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. 
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз. 
Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр. 
Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған. 
Bek Air компаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады. 
Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні депбелгіленді. 
Осы апатты оқиғаға байланысты дәрігерлер зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.
30 желтоқсан 2019 ж. 1 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930