» » Дәстүрлі ІІ облыстық медиаторлар жиыны өтті

Дәстүрлі ІІ облыстық медиаторлар жиыны өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІ облыстық медиаторлар жиыны өтті. 

Жиын аясында медиация кабинеті жанындағы медиаторлар кеңесінің отырысы және медиация негіздері бойынша оқыту семинары болды.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық ассамблея басшылығы, құрылымдары, облыстық сот, прокуратура, құқық қорғау органдары және кәсіподақ өкілдері, аудан әкімдері орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар мен студент жастар және БАҚ өкілдері қатысты. 
Ең алдымен өңірде медиация институтының даму барысы мен атқарылған шаралар және оңтайлы тәжірибелермен бөлісу мақсатында жасақталған арнайы бейнеролик көрсетілімі көрсетілді.
Еліміз егемендік алған уақыттан бергі кезеңде, өзінің құқықтық саясатының басты бағыты ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің қорғалуына негізделген құқықтық мемлекет құруды таңдағаны мәлім. Осы орайда медиация институтының сот төрелігін жүргізудегі рөлі туралы облыстық соттың бітімгер судьясы Клара Қаниева айтып өтті. 
Қала медиация институтының даму барысы туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Каюпов баяндады. 
Ел тыныштығын сақтауда елеулі үлесін қосып келе жатқан Қармақшы ауданының қоғамдық медиаторы, аудандық медиация кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев сөз сөйледі.
«Қазіргі таңда Қармақшы ауданында кәсіби емес, яғни қоғамдық 10 медиатор және 1 кәсіби медиатор жұмыс жасаймыз. Медиаторлардың барлығы електен өткізіліп, білімді, ауданда мекеме басқарған, үлгілі отбасылы, халық, ел білетін, халық сыйлайтын, саяси сауатты азаматтар мен азаматшалар. 
Биылғы жылы аудан бойынша 46 азаматтық, 15 қылмыстық және 36 әкімшілік істер медиация тәсілімен қысқартылды. Бұл істер аудандық сот ғимаратындағы медиация кабинетінде қаралса, кент әкімшілігінде 14 іс қаралды, сонымен барлығы 101 іс бойынша медиаторлар бітімге қол жеткізді»,-деді. 
Ал, мектептік медиацияны дамыту бойынша кәсіби медиатор, Қызылорда қаласының Белкөл кентіндегі №189 орта мектептің педагог-психологы Ботакөз Мадирова тұщымды ойларын ортаға салды.
«Дауласқан жандарды бітімге келтіру жүгі ауыр болғанымен қандай сауапты іс екенін және бойымды қандай мақтаныш сезімі кернейтінін ең бірінші дауды шешкенде байқадым. Мектеп қабырғасында педагог пен білім алушы оқушының ата-анасы арасындағы кикілжіңді көріп, дауды ушықтырмай тез арада медиация тәсілімен шешуге әрекеттендім. Медиация кабинетіне әуелі әріптес ұстазды, келесі жолы ата-анаы шақырып, мән-жайды байқағаннан кейін, екі тараптың басын қосып медиация процедурасын бастадым. Тараптар өз пікірлерін бір-біріне толық айтып, ұсыныс талаптарын білдіріп келісімге келді. Басында бұл дауды шешуге қорыққаныммен кейін екі тарап бір-біріне күлімдеп, кешірімдерін сұрап, достасып кеткенде жағымды қуат алғандай болдым. 
Одан кейін де мектеп қабырғасындағы түрлі даулы мәселелер медиация кабинетіне жолданылатын болды. Осындай жүйелі жұмыстар өз кезегінде ішкі тұрақтылықты сақтап, ұжым мен оқушылардың, ата-аналардың татулығын арттыруға оң септігін тигізеді. Қазіргі таңда, оқушылар арасында ынталы жастар іріктеліп, жас бітімгерлер қатарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Себебі, оқушылардың ұстазға қарағанда өзі қатарлас оқушыға ішіндегі жан сырын айтуға жақын болады. Оқушылар арасында түйіткілді мәселе анықталған жағдайда оқушы-медиатордың жәрдемі ерекше көмек болады. 
Психологиялық тұрғыда, жасөспірімдердің қоршаған ортаның әрекеттерін қабылдауы өзгешеленіп тұрады. Ақыл тоқтатқан, жасы үлкен кісілерді бітімге шақыру бір бөлек болса, өтпелі кезеңде және түрлі әлеуметтік сатыдағы қарама-қайшылықтарды көріп жүрген жасөспірімдерді татуластыру ювелирлік дәлдікті талап етеді десек артық болмас. Себебі, бір дұрыс таңдалмаған сөз жасөспірімнің психикасына кері әсерін тигізіп, сәйкесінше болашағына нұқсан келтіруі де мүмкін»,-деді.
Мұнан соң Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірдегі медиация институтының дамуына, бітімгершілік бағытында жүзеге асырылған толымды жұмыстарға тоқталып өтті.
«Облыста медиация институтын дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Қ. Ысқақовтың қолдауымен өңірде бітімгершілікті дамыту бойынша түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.
Облыс көлемінде әлеуметтік бірлікті нығайту мақсатында даулы мәселелерді медиация институтын қолдана отырып шешуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылып келеді. 
Жыл басынан облыс көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 88 түрлі форматты кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, оқыту семинарлары мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 4 500-ге жуық тұрғын қамтылды. Облыс бойынша медиаторлардың көмегімен 2453 дау бойынша келісім орналытылып, дауласушы тараптар ымыраға келді. 
Қоғамдық медиаторлармен барлығы 785 дау шешілсе, оның ішінде 238 дау бойынша сотқа дейін, 254 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 293 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды.
Қарап отырсақ, сөз ағынында бұл тек қарапайым сандар ретінде көрсетілсе, оның астарында қаншама татуласқан бауырлар, араздықты ұмытқан достар мен қайта қосылған жанұялардың тағдыры жатыр»,- дей келе өңірде медиация саласын дамытуға сүбелі үлес қосып, еңбегімен көзге түскен медиаторлар мен сала мамандарын марапаттады.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
24 желтоқсан 2019 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031