Қызылордада "109" және "112" жедел әрекет ету орталығы ашылды
Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «109» және «112» қызметтерінің ресми ашылуы ұйымдастырылды. Орталықтың ашылуна ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Есенұлы да қатысты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік органдардың халықпен тиімді байланыс механизмдерін орнату бағытында "109 - бірыңғай байланыс орталығын" құру жұмыстары басталды. Бұл жүйе арқылы қаланың инфрақұрылымына қызмет көрсету үдерісіне тартылған барлық коммуналдық қызметтерді: жылу, электр, сумен жабдықтау, су бұру, қоқыс, люктер, жол шұңқырлары, қоғамдық көлік мәселелері біріктіріледі. Енді, тұрғындардан келіп түсетін барлық өтінім "109" бірыңғай нөмірі бойынша қабылданады. Оператор жүйеге өтінімді енгізеді, ол оны автоматты түрде осы мәселені шешуі тиіс ұйымға жолдайды. Бұған дейін қала тұрғындары кем дегенде 24 коммуналдық және авариялық қызмет ұйымдарының, 40 облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің телефон нөмірлерін білуі қажет болса, енді қәзіргі уақытта "109" нөмерін терсе болғаны, коммуналдық салаға қатысты барлық шағымы тыңдалып, өтініші орындалады. "109" бірыңғай байланыс орталығының функцисы өтінішті телефон арқылы ғана емес, сонымен қатар барлық әлеуметтік желілермен қабылдайды.
"Аталған "109", "112" нөмерлеріне келіп түсетін шақыртуларды талдау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу, облыс әкімдігінің "Ахуалдық орталығы" жүйесімен біріктірілген, онда бақылау және шешімдер қабылдау процесіне, әсіресе ірі коммуналдық апаттар, жол-көлік оқиғалары, су тасқыны жағдайлары, дауылдар және басқа да табиғи құбылыстар кезінде жылдам көмек көрсетуге септігін тигізбек.
Цифрлық технологияларды қолдану бізге тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді",- деді облыс әкімі.