» » Шығысқа бетбұрыс

Шығысқа бетбұрыс

Ресей өзінің энергетикалық бизнесін шығысқа бұрып жатыр. Әлемнің ең ірі табиғи газ экспортері Сібірден Қытай шекарасына дейін ұзын құбыр тартып, Қытайдың отынға деген тойымсыз тәбетін қанағаттандырмақ. «Сібірдің пәрмені» атты жаңа құбыр – президент Владимир Путиннің Ресейді Еуропаның көгілдір отын нарығына тәуелділіктен арылтып, Азияның қарыштаған  экономикаларына жол ашу жоспарының бір бөлігі.
Өз энергетикалық өндірісі ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отырған Қытай үшін бұл құбыр – өмірлік маңызы зор жоба. «Сібірдің пәрмені» дегеніміз не? «Сібірдің пәрменін» Ресейдің энергетикалық алыбы – «Газпром» салды. Ұзындығы 3000 шақырымға жуық құбыр Сібірдегі Чаянда және Ковыкта газ кеніштерінен Қытай шекарасы маңындағы Благовещенск қаласына дейін созылып жатыр. Ал, Қытайдың өз ішіндегі тағы бір құбыр Ресей жүйесіне қосылып, оңтүстіктегі Шанхайға дейін тартылады. Оның ұзындығы – 3370 шақырым. Осы линияның ресейлік бөлігін «Газпром» басқарады. Бұл компания 2014 жылы Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясына жыл сайын 38 текше метр газ жеткізу туралы 400 миллиард доллардың келісіміне қол қойды. Пәтуаның мерзімі –30 жыл. Құбырдың мәртебесі қандай?
«Газпром» бұл құбырды қазан айында сұйық отынға толтырды. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Путин мен оның қытайлық әріптесі Си Цзиньпин жаңа желіні желтоқсанның 2-інде видеобайланысқа шығып, салтанатты түрде іске қосуы мүмкін. Содан кейін «Газпром» Қытайға күніне 11 миллион текше метр газ жібере бастайды. Жаңа құбыр Ресейге неліктен маңызды? «Сібірдің пәрмені» құбырының маңызы Ресей мен Еуропа қатынастары шиеленіскен тұста тіпті артып отыр. Осыған дейін РФ газдың көбін Украина арқылы Батысқа тасымалдады. Бірақ кейінгі жылдары Киев пен Мәскеу транзиттік ақы туралы көп дауласып, Кремль тіпті қыс ортасында «Қарт құрлыққа» газ беруді бірнеше рет тоқтатты. Сонымен қатар Қырым аннексияланғаннан кейін, Брюссель мен Кремль арасындағы араздық одан сайын өршіді. Ал, Ресейдің Қиыр Шығысында игерілмеген орасан газ кеніші Еуропаға қарағанда Қытайға жақын. Қытайға «Сібірдің пәрмені» не үшін қажет?
Қытай – әлемдегі ең үлкен энергия тұтынушы және импорттаушы. Ал, Ресей газы Қытай экономикасының көгілдір отынға деген сұранысын толық қамтамасыз етуге көмекпек. Және де құбырмен жеткен газ танкермен тасымалданатын сұйытылған табиғи газдан әлдеқайда арзанға түсуі мүмкін. «Сібірдің пәрмені-2» және Қазақстан Ресей мен Қытай қазірдің өзінде екінші құбыр жайында келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңа желі Қытайдың шығыс жағалауындағы индустриалдық аудандарға қызмет етуге тиіс. Сонымен қатар, бүгінде «Орталық Азия-Қытай Газ Құбыры» жұмыс істеп тұрғаны белгілі. Ол Түркіменстан газын Қытайға Өзбекстан мен Қазақстан арқылы тасымалдайды. «Сібірдің пәрмені- 2» құбырын кейде «батыс жол» деп те атайды. Ол Батыс Сібірдегі кеніштердің газын Қытайға Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қысқа ғана шекара арқылы жеткізуі керек.  25 қарашада премьер-министр Асқар Мамин мәлімдегендей, Қазақстан Ресейге «Сібірдің пәрмені-2» құбырына қосылғысы келетінін айтқан болатын. Сондай-ақ қазақ үкіметі басшысының сөзінше, Қазақстан бұл құбырдың өз аумағы арқылы өткенін қалайды. Алайда Мәскеу Нұр-Сұлтанның ұсынысына әзірге жауап бермеген. Қытай газды қайдан алып отыр?
Халықаралық энергия агенттігінің дерегінше, Қытайдың газға мұқтаждығы соңғы екі жылда 33 %-ға өскен. Ал, былтыр оның көгілдір отын импорты 43%-ға артқан. Осы шикізаттың бестен екі бөлігі елге «Орталық Азия-Қытай  Газ Құбыры» арқылы тасымалданған. Қалғаны – Аустралиядан, Катардан, Малайзиядан, Индонезиядан сатып алынған сұйытылған табиғи газ. Сұраныс жоғары. Өйткені Қытай үкіметі ауаға тарайтын түтінді азайту үшін миллиондаған зауыт-фабрика мен үйлерді көмір жағудан бас тарттырып, газға көшіріп отыр. Мұның Еуропаға әсері қандай? «Сібірдің пәрмені» Еуропа елдерімен газ келісім шарттарын жасарда Ресейдің позициясын күшейтеді деген болжам бар. Егер Мәскеу газын шығысқа экспорттайтын мүмкіндікке қол жеткізсе, Батыс оған бұрынғыдан көбірек төлеуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұған қоса, «Газпром» Балтық теңізінің түбінен Еуропаға жаңа құбыр ашып жатыр. Ол «Солтүстік ағын-2» деп аталады. Саяси шиеленіс күшейетін болса, Ресей бұл жолмен өз газын Батыс мемлекеттеріне Украинаны айналып өтіп жеткізе алады.  Газ бағасы қандай болады?
Путин айтқандай, «Сібірдің пәрменімен» тасымалданатын газдың бағасы мұнай құнына байланады. Мұндай жүйені қазір еуропалық клиенттер қолданып отыр. Бұл формула бойынша, мың текше метр газдың базалық бағасы – 360 доллар. «Газпром»  Германиямен дәл осындай келісім жасаған. Алайда, PetroChina  компаниясының мәлімдеуінше, «Сібірдің пәрменімен» импортталатын газдың құны Орталық Азия газының нарқымен бәсекелес болуы керек.
Арыс Әділбекұлы


05 желтоқсан 2019 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031