» » АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері қандай?

АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері қандай?


Қазақстанның әлеуметтік сала мамандарына АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері түсіндірілді. Бұл жөнінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары үш ай ішінде еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік саланың 2400 маманы үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа нормативтік құқықтық актілерін түсіндірді. 2019 жылғы 14 тамыз бен 26 қараша аралығында ЕРДО базасында бейнеконференция-байланыс режимінде Еңбекмині мен ЕРДО қызметкерлері басқарма, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары мен мамандары үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқыту барысында қатысушылар Еңбекминінің нормативтік құқықтық актілері жобаларының ерекшеліктеріне қатысты: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы енгізу, табысы аз отбасылар үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін өзгерту және Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне жаңа енгізілімдер туралы мәселелер талқыланды. «Түсіндіру жұмыстарын жүргізу өңірлерде жұмыс істейтін мамандардың теориялық білім деңгейін арттыруға тиіс. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қызмет көрсету және консультация беру сапасына оң әсер етеді», – деп атап өтті ЕРДО басқарушы директоры Анархан Дүйсенова.
Оқу екі жақты форматта өткенін айта кету керек: әр тақырыпты түсіндіру тыңдаушылардың сұрақтарына байланысты болды, барлық жағдайлар егжей-тегжейлі талданып, түсініктемелер берілді.
30 қараша 2019 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031