» » «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

ЖОСАЛЫ, 21 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Мұса Оспанұлының төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың ауданда орындалу барысы туралы хабарламалар тыңдалды.


Атап айтар болсақ аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Метерова Зере Қорғанбекқызы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың аудан бойынша орындалу барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар «Бақытты отбасы» Жол картасында көзделген кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Жаңабергенқызы мен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бағдат Әбдімұратұлының хабарламалары тыңдалды. 
Қармақшы ауданы бойынша NEET санатындағы жастармен жүргізілетін жұмыстар туралы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әділ Мұратұлы баяндады. 
2018 жылдың 21 қыркүйегінде ҚР Үкіметімен 18 бен 29 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар мен 2018 жылғы түлектерді қоғамға әлеуметтендіру және жұмыспен қамту туралы Жол картасы бекітілді. 
Аудандық партия филиалының төрағасы М.Қалдарбеков NEET санатындағы жастармен жүргізіліп отырған шараларға байланысты сұрақтар қойып, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар тікелей өзінің бақылауында болатынын айтты.
Аудандық Саяси кеңес бюросының отырысын қорытындылаған аудан әкімі бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауынан ІІ кезеңі бойынша 100-ден 500-ге дейінгі партия мүшесі бар «ІІІ Интернационал» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ә.Омаров ІІ орын алғаны үшін марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
21 қараша 2019 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930