» » "Мені тәнті етті": Нұрғали Нүсіпжанов неліктен үйленгенін айтты

"Мені тәнті етті": Нұрғали Нүсіпжанов неліктен үйленгенін айтты

Осыдан бірер ай бұрын 82 жасында өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Әнші сексеннің сеңгірінен асқанда неліктен үйленгенін, жар ретінде танымал журналист Жадыра Сейдешті таңдауына не себеп болғанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz ақпарттық порталына сілтеме жасап хабарлайды. 
Халық әртісінің шаңырақ көтеруі, өзінен 45 жас кіші Жадыра Сейдешті жар етуі көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Олардың қатарында Нүсіпжановты сынағандар да аз емес. Өз кезегінде әнші өзіне сын айтқандармен дауласқысы келмейтінін жеткізді. 
«Мен  халықтың байлығына қол сұққаным жоқ. Біреудің иелігін тартып алған жоқпын. Өз ықыласымызбен, өз келісімімізбен қосылдық. Мен жас бала емеспін. Менің де асты-үстіме қарайтын көмекші, сенімді адам керек. Қазіргі заманда өмір сүру оңай емес. Пейілі дұрыс, көзі көре алатын, құлағы ести алатын  жандар баталарын беріп жатыр. Ал енді бірі қисық сөздерін жіберіп, адамдардың құлағын былғап жатқандар да бар. Оларға айтар сөзім жоқ. Біреумен айқайласу ойымда да жоқ. Менің өмірлік ұстанымым –ешкімнің ала жібін аттамау», – дейді Нүсіпжанов.
Өнер иесінің келіншегімен таныстығы осыдан 5 жыл бұрын бастау алған. Нұрғали Нүсіпжановтың сөзінше, ол болашақ жарын түсірілімдердің бірінде жолықтырыпты. Журналист қыздың адалдығы, сауаттылығы мен еңбекқорлығы халық әртісін тәнті еткен көрінеді. 
«Қымызды кім ішпейді, қызбен кім  сөйлеспейді. Бұл  талқыланатын үлкен бір тақырып емес. Адамдардың  ой арманы, адамдық қасиеттері жақындасады. Кез-келген адаммен тіл табысып кете алмайсың. Жадыраны түсірілімде жолықтырдым. Біз сұхбаттарда да кездесіп жүретінбіз. Оның істеген еңбектерін бағаладым. Келіншегімнің  адалдығы, сауаттылығы мен еңбекқорлығы мені тәнті етті. Бұл неке екі жақтың келісімімен, ризалығымен болды», – деді өнер иесі.
Сондай-ақ, әнші сексеннен асқан шағында үшінші рет шаңырақ көтеруіне қыздарының қарсы болмағанын айтып, ризалығын жеткізді. 
«Бұл некені қыздарым жақсы қабылдады.  Қарсылық танытпады. Керісінше маған қолдау көрсетіп, түсінікпен қабылдады. Қыздарыма ризамын», – деді әнші.
Сондай-ақ, Нұрғали Нүсіпжанов алдағы уақытта шығармашылығын қолға алып, ел аймақтарын аралап, жеке ән кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
20 қазан 2019 ж. 1 700 1

Alta от 21 қыркүйек 2025 16:12
Добрый День, Дорогие Друзья. Сегодня я бы хотел рассказать немного про 2 day trip from melbourne. Я думаю Вы искали снова про winter day trips melbourne! Значит эта оптимально актуальная информация про one day tour in melbourne будет для тебя наиболее будет полезной. Мы предлагаем больше полезностей про tour agency melbourne а также про melbourne package deals, возможно и про wildlife tours melbourne? На нашем сайте больше про australia wildlife tours, Гарантированные ссылки! Качественные обратные ссылки проверенные опытом! НАШ SEO WEBSITE - victoria day trips from melbourne: https://24h-webhosting.com/discover-yarra-valleys-stunning-waterfalls-a-nature-
lovers-guide/ - 2025 melbourne holiday package Только, если Вы реально искали информацию про melbourne touring, а также про puffing billy phillip island day tour, то вы найдете самую свежую и актуальную информацию про wildlife tours great ocean road или возможно хотите купить ссылки. Вы найдете много предложений для melbourne local tour - а именно про australia wildlife tour packages и про wildlifetours. Входите с нами в контакт на нашем сайте и вы наверняка найдете популярную и самую актуальную информацию от экспертов по поводу следующих тем касающихся нижеперечисленных ключевых слов, а именно: 1. Melbourne australia private tours; 2. One day tour packages 3. Про vacations to melbourne; 4. Tours and packages; 5. 1 day trip from melbourne Наши Теги: Packages melbourne, local tour melbourne, day trips melbourne winter, things to do in melbourne, melbourne packages deals. Доброго Вам Дня!

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 593
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031