» » РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН ЖАСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОРАЛАДЫ

РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН ЖАСТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОРАЛАДЫ

Ресей Федерациясы Үкіметінің грантымен Мәскеу және Санкт-Петербургтегі үздік техникалық жоғарғы оқу орындарында 2014 жылдан бері оқитын 452 қызылордалықтың алғашқы 65 түлегі алдағы жазда өңірге оралады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуде айтты.

«Оларды түгелімен жұмыспен қамтуды ойластырып отырмыз. Қазіргі таңда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тиісті жұмыс жасауда.  Ал, осы жылдан бастап тағы 20 грантты М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық моделдеу» мамандықтары бойынша жыл сайын бөлетін болады. Сонымен қатар, Татарстанның Президентімен жыл сайын 20 адамды (өңір есебінен) ақпараттық және цифрлық технологиялар бойынша Иннополис университетінде оқыту туралы келісім бар» , - деді аймақ басшысы.
Одан бөлек, аймақта «Microsoft» компаниясымен бірлесіп кадр әзірлеу басталды. Мәскеу қаласындағы «Сколково» жаңа технологиялар орталығымен серіктестік мүмкіндігі туды.
14 ақпан 2018 ж. 1 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930