» » Сапарбаев зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады

Сапарбаев зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады

Қазір зейнетақы жинағын алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру үшін үкімет қазақстандықтың қордағы ақшасы мен өмір сүру ұзақтығына қарайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вице-премьердің айтуынша, қазір зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылған.
"Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз", - деді Сапарбаев мәжіліс кулуарында.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет екенін айтқан болатын.
Президент үкіметке жылдың соңына дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.


09 қазан 2019 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 133

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930