» » Жас кәсіпкерлер форумы

Жас кәсіпкерлер форумы

«Кәсіптің көзін қалай табамын? Тәуекелге қалай бел буамын?». Бұл – жұмыссыз жүрген талай жастың санасындағы сан сауал. Бойындағы қорқынышты жеңе білгені, қиындыққа мойымағаны ғана кәсібін одан әрі дөңгелете алады. Мұндай талапты жастар ІІІ Интернационал ауылында өткен алғашқы облыстық «Ауылдағы елді мекендердің жас кәсіпкерлері» атты форумында бас қосты.
Форумға аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов, бизнес қауымдастықтың өкілдері, қаржы ұйымдары, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қатысты. Шарада алғы сөз алған облыс әкімі жас кәсіпкерлерді еркін сұқбат алаңына шақырды.
– Бұл форум – әр ауданның жас кәсіпкерлерінің тәжірибе алмасуына септігін тигізеді. Сондықтан бір-біріміздің уақытымызды алмай тиімді жолға көшсек. Көкейде жүрген сауалдарыңызды қойыңыздар. Ұсыныс айтыңыздар, пікір білдіріңіздер. Бастысы сұқбат алаңы еркін болсын. Кәсіп ашуға қорқыныш басым болып, қадам жасай алмай жүрген жастарға айтарым, тәуекел етіңіздер. Мемлекет тарапынан берілетін көмектерді де ескерген жөн. Мәселен «Бизнес Бастау», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Микро кредит Қызылорда» секілді бағдарламалар бар. Ал осы жылы жастардың жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасы іске қосылды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасының негізінде осындай оқу бағдарламасын қолға алып отыр, – деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.
Биыл ауданның өзінде «Атамекен» жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы аясында ауданда 110 жас оқыған. Оның барлығы бүгінде жобасын қорғап, сертификат алды. Алдағы уақытта 505 мың теңгенің грантын жеңіп алуға жоба ұсынатын болады. Бұл бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі – жасқа шектеу қоюы. Осыған дейінгі жобаларға кез келген жастағы адамдар қатысса, бұл жобада 18-29 жас аралығындағылар ғана қатысады.
Форумда әр ауданнан келген жас кәсіпкерлер сөз сөйлеп, көкейде жүрген сауалын қойды. Ұсыныс-пікірін ортаға салды. Бірі – жастарды кәсіпке шақырса, бірі – бизнесті бастаудың оңтайлы жолын сұрады. Енді бірі – осылай жас кәсіпкерлердің кездесуін үрдіске айналдырсақ деген ұсыныс айтты. Шара соңында облыстың дамуына үлесін қосып жүрген, жұмыссыз жандарды жұмыспен қамтып отырған бірқатар жас кәсіпкер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Айнұр ӘЛИ
30 қыркүйек 2019 ж. 1 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930