» » Кәсіпкер саласын дамыту жалғаса береді

Кәсіпкер саласын дамыту жалғаса береді

Облыстағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілері арасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеуге арналған скрининг жұмыстарын жүргізуді бастады.  Аталған топ аудандарды аралап, түсіндірме жүргізу барысында Жосалы кентіне табан тіреді.
Сәрсенбі күні кент әкімшілігінің ғимаратында облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары ауыл әкімдерімен және бірқатар сала мамандарымен кездесті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әділ Үсенұлы ашып, қонақтарға сөз берді. Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гауһар Ыбрайқызы скрининг әдісі бойынша зерттеу жұмысының мақсатына тоқталды.
– Скрининг бұл – маркетингті зерттеу. Жоспарымызда пилоттық режимде барлық ауданды қамтуды ойластырып отырмыз. Мақсатымыз – кәсіпкерлер мен тұрғындардың қажеттілігін айқындау. Кәсіпкерлердің арасындағы экономикалық байланысын күшейту, картасын әзірлеу. Аудандарда халықтың сұранысы бар ең қажетті салаларды ашуға ұсыныс жасау. Жергілікті халықтан сұраныс болса белгілі бір қызметке немесе тауарға жергілікті органмен бірлесіп кәсіпкерлерге қажетті ұсынымдар білдіру. Мысалы қай ауданда, қай ауылда қандай өндіріс ашуға болатынын, оның коммуникациясын мен инфрақұрылымын зерттеп, керекті ұсынысымызды жасаймыз, – деді сарапшы.
  Жиын соңында мамандар қатысушылар тарапынан  қойылған сұрақтар жауап беріп, өңірдің экономикалық әлеуетін зерттеуге арналған скрининг жұмыстарын жүйелі жүргізуге белсенді атсалысуға шақырды.
                                                                              Ерсін СӘДУҰЛЫ
16 қыркүйек 2019 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031