» » Тым ұзақ түнгі ұйқының зияны

Тым ұзақ түнгі ұйқының зияны

Көпшілігіміз түнде 8 сағат ұйықтауға тырыссақ та, ол үнемі қолымыздан келе бермейді. Бұл адамға қажет ұйқының нақты мөлшері деп қабылданған, алайда қазіргі кезде кейбір мамандар оның тым көп және денсаулыққа зиян болуы мүмкін деп пайымдайды.  Барлығымыз аз ұйықтағанның жаман екенін білеміз. Өзімізді нашар сезініп, ашуланшақ болып кетеміз, оның үстіне дәрігерлер оның артық салмаққа, қан қысымының жоғарылауына, қан диабетіне және жүрек ауруларына әкелетінін айтуда. Ал тым ұзақ ұйқы ше? Адамдар ол туралы көп шағымданбайды. Бірақ, осы 10 жыл бойы жүргізілген зерттеу бойынша, 6 сағаттан аз және 8 сағаттан көп ұйықтаған ересектердің өмірі күніне 6-8 сағат ұйықтағандардың өміріне қарағанда қысқа болады екен.  Ғылыми тілмен айтқанда, 6-8 сағат мөлшерін сақтамайтын адамдардың өлім-жітім деңгейі жоғарылай түседі. Уорик Университетіндегі жүрек аурулары мен эпидемиология саласының профессоры Франко Капуччио,  бір миллион адам өздерінің ұйқы әдеттері туралы айтқан 16 зерттеу өткізген. Капуччио сол адамдарды үш үлкен топқа бөлді:  • Түніне 6 сағатан кем ұйықтайтындар  • Түніне 6-8 сағат ұйықтайтындар  • Түніне 8 сағатан артық ұйықтайтындар  Оның анализі анықтағандай, аз ұйықтаған адамдар орташа мөлшерде ұйықтағандарға қарағанда 12%-ға жиірек қайтыс болды. Алайда, сол орта топтағылармен салыстырғанда көп ұйықтағандар арасында 30%-ға көп адам қайтыс болған екен. Өлім қаупіндегі бұндай өсім шылым шегудің төндіретін қауіпінен кіші болса да, күніне шамамен бірнеше бірлік ішімдік ішкендегі қауіпке тең. Бірақ, күніне 9 сағат ұйықтаған 5 сағаттық ұйықтағаннан да нашар деп айта аламыз ба?  Оны бірнеше тұрғыдан қарастыруға болады. Капуччио тым көп ұйықтайтындар депрессияға ұшырап, ұйқы дәрілерін қабылдауы мүмкін екенін білген. Оны тексеріп, шынымен де солай екендігін анықтады. Оның өз теориясы бойынша 8 сағаттан артық ұйықтаған адамдардың денсаулықтарында сол кезде-ақ белгілі бір аурулар болған, тек олардың белгілері әзірше байқалмаған екен. Осылайша, өлім қаупін тудыратын ұзақ ұйқы емес - жасырын ауру.  Бірақ, онымен келіспейтіндер де бар. Аризона штатының Университетіндегі профессор Шон Янгстед 14 жас ересек адамдарға зерттеу жүргізіп, оларға 3 апта бойы екі сағатқа артық ұйықтауға бұйырды. Олар "күйзелістік көңіл-күйге" ұшырап қана қоймай, Янгстедтің айтуынша, қабынуға тап болды: дәлірек айтқанда, IL-6 атты протеиннің қандағы мөлшерінің өсуін бақылаған екен, ал ол өз кезегінде қабынуға әкеп соғады. Зерттеу қатысушылары сондай-ақ сезімталдық пен арқа ауруларынан зардап шеккен екен. Сондықтан, Янгстедтің ойында ұзақ ұйықтағанның зияны ұзақ уақыт белсенділік танытпаудың нәтижесінде туды ма деген сұрақ пайда болды.  Ол қазіргі уақытта көп ұйықтайтын және орташа мөлшерде ұйықтайтындардан түнгі ұйқыларын бір сағатқа қысқартуды сұрап, оларды зерттеп жатыр. Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері біраз уақыттан соң белгілі болады. Ұйқыға байланысты зерттеу жүргізетіндер көп қиындықтарға тап болады. Мысалы, ұйқы ұзақтығын нақты өлшеу мүмкін емес. "Біз  адамдардан зерттеу нәтижелерін жазып алғанда, олардан неше сағат ұйықтағандарын сұраймыз. Бұны да ескерген жөн", - дейді Капуччио.  Шын мәнінде, адам өзінің есте сақтау қабілетіне жүгінуі тиіс, және адам өзінің төсекте өткізген уақытын немесе ұйқыда өткізген уақытын жазып алғанын білмейді. Байқалып тұрғандай, біз өзіміздің қанша ұйықтағанымызды асыра бағалап жіберетініміз бар. Ал ұйқы сапасына келгенде, барлық мамандар оның денсаулыққа тигізетін әсері мол екенін айтады. Бірақ, сапаны өлшеу ұйқы ұзақтығын өлшеуден де қиын. Балалар мен жасөспірімдердің ұйқы қажеттіліктері ересектердің қажеттіліктерінен басқа екендігін ескеру керек. Бірақ, егер алты сағаттық ұйқы ересектер үшін тым аз, ал сегіз сағаттық ұйқы тым көп болса, ағзамыздың қалайтын нақты ұйқы мөлшері қандай?  Біз білетіндей, 17 ғасырға дейін адамдар бір үздіксіз уақыт аралығында ұйықтаған емес, көбінесе ол уақыт аралығын екіге бөліп ұйықтайтын. Сол екі аралық арасындағы уақытта олар намаз оқитын, кітап оқитын, темекі шегетін, дәретханаға немесе көршілеріне барып келетін. Бұл қазіргі ұйқы әдеттерінен өзгеше.  Ұйқыда өткізілген уақыттың толық мөлшерін санағаннан кейін, Капуччио орташа есеппен Батыстағы адамдардың төрттен үші түніне 6-8 сағат ұйықтайтынын мәлімдеді. Бірақ, сегіз сағаттық ұйқы алты сағаттық ұйқыға қарағанда пайдалы деп айта аламыз ба? Массачусетс Университетіндегі Медицина Мектебінің Ұйқы Мәселелері Орталығында жұмыс істейтін доктор Грег Якобс "сиқырлы сан – жеті" деп айтты.  "Жеті сағаттық ұйқы көп адам үшін нағыз оптимал уақыт" - дейді маман. Ол мысал ретінде Ұлттық Ұйқы Ұйымының  АҚШ ересектері арасында өткізетін жыл сайынғы сауалнаманы келтіреді. "Орташа ересек адам сол сауалнамада 7 сағаттық ұйқыны таңдады”. Ал, бұл – әлем ересектерінің ұйқы ұзындықтарының медианасы. Бұл жеті сағаттық ұйқының адам миы үшін табиғи екендігін көрсете алады".  Бірақ, егер сіз ұйықтағаннан ләззат алсаңыз, көп ұйықтап, өзіңізді жақсы сезінсеңіз, еш уайымдамаңыз. Артық ұйқы сағаттары немесе жай ғана демалып жату өміріңізді қысқартып тастайды деген ешқандай тікелей дәлел жоқ.  

27 мамыр 2018 ж. 5 901 942

cheap drug prices от 15 қыркүйек 2022 13:22

overseas pharmacies от 15 қыркүйек 2022 16:24

legitimate canadian pharmacies от 17 қыркүйек 2022 05:43

reputable online canadian pharmacies от 19 қыркүйек 2022 03:54

online canadian pharcharmy от 20 қыркүйек 2022 12:38

your discount pharmacy от 20 қыркүйек 2022 22:34

list of 24 hour pharmacies от 21 қыркүйек 2022 13:21

online pharmacies in usa от 23 қыркүйек 2022 18:35

mail order pharmacy от 25 қыркүйек 2022 01:07

online pharmacy without prescription от 25 қыркүйек 2022 02:47

internet pharmacy от 26 қыркүйек 2022 04:40

canadian drugstore от 29 қыркүйек 2022 13:23

cheap drugs canada от 1 қазан 2022 23:09

canada pharmacy online orders от 6 қазан 2022 00:49

canadian drug pharmacy от 6 қазан 2022 01:40

us online pharmacy от 7 қазан 2022 19:11

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 188

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930