» » Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады

Дәрігерлер аз ұйқының қауіпті тұстарын атады

Түнде 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі жоғары. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген медицина профессоры Пол Гринграс айтты.

Зерттеуге Ұлыбританиядан 2 мың ересек адам қатысқан. Ғалымдар олардың 44%-ы тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтайтынын анықтады. Эксперимент қатысушыларының тек 17%-ы күніне 8 сағат ұйықтайтынын айтқан.
Гринграстың айтуынша, түнде 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруы ғана емес, инсульт қаупі де 60%-ға жоғары болады. Сондай-ақ, оларда қан қысымы және холестерин мөлшері де жоғары болған.
Маманның пікірінше, бір түндік нашар ұйқы артық салмақ жинауға, бұлшық ет массасын жоғалтуға және мидағы есте сақтау қабілетіне де әсер етеді.
Ғалым спортпен шұғылдану сияқты дене белсенділігі адам денсаулығына қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, адамдардың 85%-ы дене жаттығуларын орындағаннан кейін ұйқысының түзелгенін байқаған.

baq.kz

15 тамыз 2019 ж. 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031