» » Ажал келгенін білдіретін қауіпті белгі қандай?

Ажал келгенін білдіретін қауіпті белгі қандай?

Ғалымдардың айтуынша, адам иісті дұрыс сезбейтін болса, бірден дәрігерге қаралғаны абзал.

Иіс сезу қабілетінің күрт төмендеуі немесе мүлдем иіс сезбей қалу адамның алдағы он жылда мезгілсіз қаза болу қаупін 50%-ке арттырады. Бұл туралы Мичиган штаты университетінің ғалымдары Annals of Internal Medicine журналында жарияланған мақаласында жазды.

Ғалымдар иіс сезбей қалудың мезгілсіз қазаға қалай әкеп соғатынын алғаш рет зерттеп, арадағы байланысты анықтап көрді. Белгілі болғандай, иіс сезу қабілетінің төмендеуі әсіресе қарт адамдарда жиі кездеседі екен.
Зерттеушілер АҚШ-тың 71 мен 82 жас аралығындағы 2289 тұрғыны туралы деректерді саралап, иісті дұрыс сезбеу өлім қаупін күшейтетінін растады. Яғни бұл денсаулықта кінәрат барын білдіреді, бірақ Альцгеймер немесе Паркинсон дертіне қатысы жоқ болып шықты.

Ғалымдар иісті дұрыс сезбейтініңізді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз деп кеңес береді.

10 мамыр 2019 ж. 1 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031