17 сәуір жұлдыз жорамал
Балықтар. Балықтар бұл өмірде аз сөйлеп, жиі күліп жүретіндер ғашық болса шын жүрегімен ғашық болады және өз сүйгенін ешқашан тастамайды. Олар өмірдегі өте бақытты адамдар. Ренжісе ешкімге сыр білдірмейді. Алдап, өтірік күлгендерді ұнатпайды. Жолына тұрған адамдарды аямайды. Жақын адамдарына өзінен артық сенеді. Бақытты қылуға тұрарлық жан. Қысқасы Балықтарды ренжітпей, бағалай біліңіздер. Сонда ғана бақыттың дәмін тататын боласыздар
Суқұйғыш. Сіздің сезіміңізді бағаламаған адамдар, қазір өкініштен өзегі өртеніп жүр. Сізді сағынады қайтарғысы келеді суқұйғыштардың мінезі қырсық! Иә Суқұйғыштарды алдамай, оны тек үнсіз ғана бақытты қылуға тырысыңыздар. Суқұйғыштарды бір рет алдадыңыздарма, енді сеніміне кіру сіздер үшін, инемен құдық қазғандай болады. Суқұйғыштардың көңіл күйіде тез құбылып тұрады. Бірақ бір жақсысы махаббатқа адал, шын тәнімен ғашық болып сүйеді.
Тауешкі. Қарапайым болыңыз. Сонда сізде бәрі болады. Иә,иә,иә..... Қарапайымдылық адам өмірінде сирек кездесетін қасиет болып табылады. Ол сізге берілген қасиет. Сіз керемет жансыз. Бәріне қамқор, адал, мейірімді. Тек арасында тез ашуланып қалатыныңыз болмаса. Сіз басқа адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сіздей керемет адам әлі талай биіктен көрінетін болады. Сіз бір сөзбен айтқанда - ғажап жансыз!
Мерген. Мергендер мынадай адамдарды ұнатпайды, уәде беріп алып, кейін орындамайтындарды. Басында сүйемін деп, кейін лақтырып кететін адамдарды. Басында үміттендіріп, ал өздері тастап кететін адамдарды жек көреді. Мергендерге уәде бердіңіздер ме, енді міндетті түрде орындаңыздар. Сүйемін дедіңіз бе, соңына дейін бірге болыңыз. Мергендер қасында қалып, қиын кезде демеу болған адамдарды ешқашан ұмытпайды. Осы естеріңізде болсын. Тағыда айтамын, Мергендерді бағалай біліңіздер. Нағыз дос болуға лайықты жандардың бірі осы Мергендер!
Сарышаян. Сарышаяндар осындай: Барлығын жүрегіне тез қабылдап алады. Адамдармен тез татуласады. Ренжиді... Есесіне олар ақкөңіл, махаббатқа адал жандар. Жүрегіне тез қабылдап алатынының себебі олар өте махаббатқа адал жандар. Қатты бауыр басып қалған адамдары өтірік айтса... оларды кешіру Сарышаяндар үшін қиын емес. Қайтадан сену қиын.
Таразы. Саспаңыз, қорықпаңыз, батыл бола біліңіз, ғашық болған адамыңызға ұсыныс жасаңыз. Мүмкін ол адамда сізге ғашық болар. Иә қорықпаңыз. Мүмкін ол адам сезіміңізді түсінер, немесе басқа адамды жақсы көремін деп айтатын болар. Бастысы басқа адамның бақытын күтіп тұра бергенше өз бақытыңызды жолықтырғаныңыз жақсы емес пе. Сүймейтін адамның махаббатын күту - аялдамадан ұшақ күтумен бірдей дейді. Уайымдамаңыз, үмітіңізді үзбеңіз. Мүмкін олда сізді ұнататын болар. Бастысы қорықпай, өз сезіміңізді білдіре беріңіз.
Бикеш. Бикештердің жанында ол адам жоқ болсада, ол адам бикештер үшін бағалы, қатты бағалайды. Ол адам жоқ болса, бикештердің көңіл-күйлері түсіп кетеді, ал ол жан қасында болса, бикештерден бақытты адам жоқ. Сіздер керемет жансыздар. Ол адам сізге ғашықтығы былай тұрсын, ішкі жан дүниесімен сүйеді. Бірақ сіздей керемет жанды қалайша бағаламасқа. Бәрі сіздерге қызыға да қызғана да қарайды. Сіздер болашақта Қазақстанның ең үлгілі ең бақытты, ең керемет отбасыларының бірі боласыздар!
Арыстан. Арыстандардың өмірінде ең керемет махаббат қарым қатынасы болғалы тұр. Жақында бұл әлемде сізден асқан бақытты адам болмайын деп тұр ау сірә. Иә бір кездесу күтіп тұр. Сізде ол кездесуді асыға күтіп жүргеніңіз анық. Ол адам сізге ұнайтынына сенімдімін. Ол адамның бойында сіздікімен бірдей қылықтары бар: Ол адамда сіз сияқты байсалды, ақылды, сымбатты, мейірімді. Сіз ол адамды кездестірсеңіз, ол адамды соңына дейін бағалай білуге тырысыңыз. Бақытты болуларыңыз мүмкін.
Шаян. Шаяндар үнсіз-қызғанады, іштей-ренжиді, нәзік, жәй ғана-сүйеді, қатты-құшақтайды, бар жан тәнімен-ғашық болады, сүйеді, жақсы көреді. Иә Шаяндар ең керемет жандардың бірі болып табылады. Үнсіз қызғанғаны дұрыс. Анық қанығын біліп алып, артын ойлайды. Іштей рендиді дейді, иә олда дұрыс. Қасындағы адамдардың көңіл күйіне қарап, мұңайтып алмайыншы деп ойлайды. Қатты құшақтайтыны, қалай сағынғанын білдіргісі келеді. Иә расыменде бар жан тәнімен ғашық болады. Бір сүйіп, жақсы көрсе соңына дейін бағалай біледі.
Егіздер. Сіздер байқамайтын шығарсыздар, бірақ сіздер басқа адамдардың өмірінде маңызды рөл атқарып тұрсыздар. Сіздер бір күн оның көзіне көрінбесеңіздер ақылынан алжасады. Иә, ол адам сізге ғашық болғаны соншалықты, өзінен артық сенеді, жақсы көреді. Сізді басқа адаммен бірге жүрсе іштей қызғанып, неге сезімімді білдіруге ұяламын деп іштей жегідей жейді. Уайымдамаңыз. Егіздер де қазір өзіне сүйікті адам жолықтырған жоқ. Мүмкін бақытты боларсыздар. Мүмкін сезіміңізді білдіріңіз, Егіздер сізгеде ғашық шығар. Неде болса сәттілік.
Торпақ. Торпақтар өткен уақытқа қайта оралғысы келмейді. Өтірік өткенді есіне түсіріп, алтын уақыттарын зая кетіргісі келмейді. Өткен шақ қайта оралмайды, өткен адамдар қайта оралмайды. Өзгерген адамдар қайта бұрынғыша өзгермейді. Ешқашан ешкімді күтпейді. Бір орында тұрып қалмайды. Тек қана алға. Керек адамдар сізді қуып жетеді. Алға қойған мақсатына жетпей қоймайды.
Тоқты. Тоқтылардың ішкі жан дүниесі өте нәзік. Сезімге тез беріледі. Сол сезімге тез берілгенінен тез аурып қалады. Көз жасына тез беріледі. Тез ұмытады. Тез кешіре біледі. Себебі ешкімге кек сақтамайды. Ренжіседе іштей ренжиді. Таңдаулары өте көп. Махаббатқа адал, көздері шынайы.