» » Сықпаның сыртындағы төртбұрыш нені білдіреді?

Сықпаның сыртындағы төртбұрыш нені білдіреді?

Крем салынған сықпаның артқы жағында кішкене төртбұрыштың суреті болады. Олардың түсі әртүрлі: қара, қара қоңыр, қара көк, қошқыл қызыл. Кейде қызыл немесе жасыл түстілері де болады. Мұның сыры неде екенін білесіз бе?

Күнделікті тұрмыста тұтынатын заттардың құрамы әртүрлі болады. Бірінде химиялық қоспалар көп болса, енді бірі тек табиғи заттардан жасалады. Аралас түрлері де бар. Енді соларға тоқталсақ, химиялық заттары бар өнімдердің сыртында қара түсті төртбұрыш тұрады. Ал 70%-ы химиядан, 30%-ы табиғи өнімдерден жасалған кремнің ыдысында қызыл түсті төртбұрыш болады. Жасыл төртбұрыш өнімнің 100% табиғи екенін білдіреді.


Осы туралы Массагет тілшілерінен сұрадық. Олар өз кезегінде төмендегідей жауап берді.

Ерболат Молдажанов: «Мен «Blend-a-med» пастасын қолданамын. Оның сыртындағы төртбұрыштың түсі - қызыл. 30%-ы ғана табиғи өнім болғандықтан, пастамды ауыстырсам деп отырмын». 

Мейіргүл Оңғарова: «Лесной бальзам» сұйық пастасын қолданамын. Оның сыртынан төртбұрыштың суретін байқамадым. Мұндай төртбұрыштар тек сықпалардың сыртында болса керек».

Шерхан Талап: «Мен «Lacalut Active» пастасын пайдаланамын. Оның төртбұрышының түсі - қара. Химиялық қоспасы көп болғандықтан, енді қолданбаймын».

Жолдас Өрісбаев: «Әдетте «Forest balm» пастасын тұтынамын. Сыртындағы төртбұрышының түсі жасыл екен. 100% табиғи өнім болғандықтан, тісті осы пастамен шаюға кеңес беремін».

Еркебұлан Сатқанбаев: «Мен қолданатын «Sensodyne» пастасындағы төртбұрыштың түсі - көк. Тіс пастасан ауыстыратын болдым».

Өмірбек Сансызбаев: «Parodontax» пастасындағы төртбұрыш қара көк түсті екен. Оны «Forest balm» пастасымен ауыстыратын шығармын».

Өзіміз тұтынып жүрген өнімдердің құрамы қандай екенін білу үшін сыртындағы төртбұрыштың түсіне назар аударайық. Күнделікті тұрмыста қандай паста қолданасыз?

07 ақпан 2019 ж. 1 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031