» » Үй жағдайындағы кірпік күтімі

Үй жағдайындағы кірпік күтімі


Кірпік – көздің қорғанышы. Ол да адам шашы секілді ерекше күтімді қажет етеді. Кірпік көздің саулығы үшін ғана қажет емес, ол әйел затының ажары, сұлулығының бір бөлшегі. Кірпіктің түсуі – табиғи құбылыс. Дегенмен, көп түсетін болса, онда оның негізгі себептерін анықтап, оған қарсы ем қолданып, алдын алу керек. Назарларыңызға үй жағдайында жасалатын кірпік күтімін ұсынамыз.

Зақымданған кірпікті қайта қалпына келтіру үшін, бірінші нәрлендіретін маскадан бастау қажет. Мәселен, өсімдік және эфир майына (зәйтүн, бадам, ошаған, кокос майлары да болады) Е немесе А дәруменін араластырады. Күн сайын кірпікке жағып, емді бірнеше аптаға жалғастыруға болады. Есіңізде болсын, масканы тек бетті тазалап болған соң ғана жасау қажет.

Кірпіктің сыну не түсу секілді дертті белгілерін байқасаңыз, қырмызы (календула) мен түймедақ (ромашка) тұнбасымен жуған дұрыс. Кірпігіңіздегі дерт асқынып не қатты мазаласа, арнайы маманның кеңесіне жүгінген жөн. Егер де кірпігіңіз сынғыш келсе, түссіз кірпік бояғыш пайдаланыңыз. Себебі оның құрамында кірпікті нәрлендіретін, қатайтатын арнайы қоспалар болады. Сондықтан оны түнде де жағуға болады.

Кірпікті жасанды жолмен ұзартқаннан (наращиваниядан) кейін кірпікке ерекше күтім қажет. Себебі химиялық заттар кірпіктің тез түсуі мен сынғыштығына алып келеді. Сол себепті майсана (касторовое масло) майын күнара қолдануда әдетке айналдырыңыз.

Бадам майы (миндальное масло) – кірпіктің түсуін тежеп, өсу мүмкіндігін арттырады.
Шабдалы сүйегінен алынған май – түсудің алдын алады.
Ошаған майы (репейное масло) – кірпіктің түбін нығайтады.

Есіңізде болсын, арзан кірпік бояуды тұтынбаңыз. Ал, бір бояуды кем дегенде 3-4 айдан артық пайдаланбаңыз. Кірпікке күтім керек екенін сезіп жүрсеңіз, алдымен нәрлендіретін кірпік бояу алуды қолға алыңыз.

11 қаңтар 2019 ж. 2 924 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 01:43
Cephalexin Kidney Infection Online Water Pills Uk Dutasteride Overseas Free Shipping Santa Ana viagra online pharmacy Amoxicillin Online No Prescription Viagra Generico Prezzo Pflanzliches Viagra Potenzmittel

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031