» » Жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал

Балықтар. Сізді сүйген жанға көбірек көңіл бөліңіз. әйтпесе тым кеш болуы мүмкін. Ол сізді ессіз жақсы көреді, жүрегін жараламаңыз, жиі жиі "мен сені сүйемін" деп жүріңіз.
Суқұйғыш. Бүгiнгi күнi iстеген әр жұмысыңыз сәттi аяқталады. Сондықтан бүгiн көңiлдi жүрiңiз!
Тауешкі. Сізді жоқ жерден үлкен сый күтуде. Дайындалмасаңыз сыйыңыз шеттен өтіп кетеді де, қайта оралмайды. Сөздеріңізге еге болыңыз, бүгін сізді біраз адам тексереді.
Мерген. Көмек беруден ешқашан шаршамаңыз. Бүгін сіз көмектескен жан, ертен сізге үлкен сый сыйлайды. Әрине сіздің ақкөңілділігіңіз көпке ұнамай жүр. Өйткені олардың қолынан келмегенін сіз жасап жүрсіз.
Сарышаян. Сіздің жетістіктеріңіз оңайшылықпен келген емес. Бірақ мұны тек сіз білесіз, басқалар сізді дайынға келген деп ойлауда. Артыңыздан өсектер тасып жүрген адамдар көп, оларға мән бермеңіз, сонда олардың жынын келтіресіз.
Таразы. Бүгін адамдарға қамқор болуыңыз тиіс! Бүгін көп адам жыныңызға тиеді, олармен ұрыспай, сабыр сақтап, үндемей өтіп кетіңіз. Ертен сол адамдар сізге керек болып қалады. Сол кезде керегін олардан аласыз, ал олар сізге үндемей көмегін береді.
Бикеш. Бүгін сіз шулатасыз! Үлкен кісілер сізге ұміттеніп қарап отыр, бірақ сіз ұміттерін ақтай алмай жүрсіз. Бүгін керісінше сізге сенбегендер таң қалады! Сізді құрметтеп, сізді іздеп бастайды! Дайын болыңыз!
Арыстан. Өткен күндердің көленкелері қайтадан оралуда. Басқа жанға бола сізді тастап кеткен адам қайтып оралады, оны қабылдамаңыз. Арам ойы бар. Нақты өзі келмесе де, қайтып оралғысы келген ойы бар. Ол адамнан аулақ болың ыз, өміріңізге үлкен өкініш алып келейін деп тұр!
Шаян. Қырсық мінезіңізбен жұртқа жақпай жүрсіз. Мүмкін сәл болса да жұмсақ болуыңыз керек. Сізді көп уақыттан бері сүйіп жүрген жан бар, ол анық. Бірақ сырын сізге айтудан қорқады, сізді үстінен күледі деп. Жан жағыңызға қараңыз, сол жанды өзіңін тауып алып "мен бәрін білемін" деп, құшақтап алыңыз!
Егіздер. Иә, білеміз, сіз оны ұмыта алмай жүрсіз. Бірақ өміріңіз енді басталды, тағдырда жазылса бірге боласыз, сондықтан көп мұңға берілмей өз жағдайыңызды дүрыстағаныңыз жөн. Бүгін жоқ жерден ұрыс есітіп қалуыңыз мүмкін. Сабыр сақтап үндемей өтіп кетуіңіз дұрыс, ертен сізді ренжіткен адамның өзі кешірім сұрап келеді.
Торпақ. Кешеден бері сізді біреулер талқылауда. Бірақ кімдер екенін әлі білмейсіз. Көшеден кетіп бара жатқаныңызда алды артыңызға қарап жүріңіз. Бір үлкен сырды білетін боласыз. Және де ақшаға абай болыңыз, сізді бүгін арамы адамдар алдау мақсатында.
Тоқты. Білесіз бе? Сіз өзі үздік жансыз. Сіздей жан мыңнан біреуі ғана. Бүгін сіз үздік жетістікке жетейін деп тұрсыз! Тек үмітіңізді үзбесеңіз болғаны. Көп адам сізге көре алмаушылықпен қарауда. Оларға мән бермей алға жүруіңіз керек. Осы кеңестерді орындасаңыз, ертен бізге рахметіңізді айтасыз!

20 қараша 2018 ж. 1 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 356

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930