» » Анашым, сіз білесіз бе?

Анашым, сіз білесіз бе?

      Түнде шошып оянғанда, әрдайым қасымнан табылатынсыз... Жалғызсырап қалғанымда, жаныма жылу болатынсыз... Құлағанда қолымнан ұстап, тұруға талпындыратынсыз...Анашым, сіз білесіз бе?
      Әлемдегі ең асыл, ең ардақты, ең мейірімді адам сіз екеніңізді. Сіздің ұлпадай мамық, күндей жылы алақаныңыз басымнан сипағанда, бар қайғымды ұмытатынымды? Анашым, сіз білесіз бе? Сіздің қамқорлығыңыз, сіздің тәрбиеңіз балаларыңыздың өміріне өнеге екенін. Иә, сіз білесіз, тек ана мен баланың махаббатының бәрінен де берік екенін. Сіз бәрін білесіз, бәрін сезесіз, бізден үміт күтесіз. Барлығына шыдас беріп, қанатыңыз қайырылмай алға, тек алға талпынасыз. Сол үшін де сіз, әкеммен бақыттың төрінен орын аласыз. Сол үшін де сіз, біздің бар асылымыз боп қаласыз. Сіздің жасаған бар жақсылығыңыз, айтқан ақылыңыз бізге өмірлік тәлім. Сіз берген жылулық, сіз берген мейірім, сіз төккен күн шуағы, өзіңізге нұрын себері айқын. Әлі талай, талай қуаныштың базарында ортамызда көз қуанышымыз боп жүретіңіз мәлім.
      Анашым, сіз білесіз бе? Сізді жанымнан артық сүйетінімді...

Айнұр ӘЛИ.
14 қыркүйек 2018 ж. 3 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 753

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031