» » Циститтен қалай емделеді?

Циститтен қалай емделеді?

Цистит —  қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін мынадай факторлар себепші болады: дененің қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір болу, сондай-ақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады. Ауырсыну әртүрлі (шаншып не күйдіріп ауырады), кіші дәреттің соңына қарай күшейеді. Зәрге қан да араласуы мүмкін. Кейде дене қызуы көтеріліп, жүрек айниды.
Аурудың жіті кезінде дәрігер ұсынған емдік курсты толық қабылдаған жөн, болмаса ауру созылмалы түрге өтіп кетеді. Циститтің алдын алу үшін жыныс  ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн. Циститті үй жағдайында емдеу міндетті түрде  емдеуші дәрігердің бақылауында жүргізілуі тиіс, сонымен қатар ежелгі халық емшілігінде қолданылған мынадай кеңестерді де ескеру керек.
1. Науқастың дене қызуы көтерілгенде оны төсекке жатқызуға, аяғын бұлауға (32-35°С) түсіру керек, қарынның төменгі жағына ыстық кебек не болмаса қайнатылған дәннің қауызы мен езілген картоп басу қажет. Емдәм — сүт және өсімдік тағамдары.
Сұйықтықты жылы күйінде көбірек ішкен жөн. Тәтті тағамдар  мен  спиртті ішімдіктерді қолданбау керек. Күн сайын жарты қасық ас содасын суға қосып   ішкен  пайдалы.
2. Іш қату жағдайында касторка сияқты күшті  іш жүргізуші дәрі беруге болмайды, мұндайда қарапайым әдістерді: қара өрік, шикі сүт, сәбіз шырынын, қышқылт қырыққабат жегізу арқылы ішті жүргізу қажет.
3. Жіті циститті емдеу үшін бұрындары мынадай емдәм қолданылған. Қызыл кірпішті ортасынан қақ бөліп, екі бөлігін де отқа мұқият қыздырады, екеуін де бос шелекке  салады. Шелектің бетін қалыңдау шүберекпен қымтап, үстіне дене тигізбей  кірпіштің ыстығы басылғанша отырады. Кейін жылы киініп, көрпе жамылып  жатады. Осындай 2-3 емнен кейін циститтен жазылып  кетеді. Мұндай  халық емі, әсіресе, әйелдер үшін өте пайдалы.
Дәрілік өсімдіктер
1. Итмұрын (шиповник) тамырының қайнатпасы. Ұнтақталған итмұрын тамырының екі ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатып, кейін екі сағат тұндырып, сүзгіден өткізеді. Күніне 4 рет жарты стаканнан тамақ алдында ішеді.
2. Итбүлдірген  (брусника)  жапырақтарының қайнатпасы. Екі шай қасық жапырақты бір стакан суға салып, 15 минут қайнатып, салқындатады, сүзгіден өткізеді. Циститке, нефритке шалдыққан адам күні бойы аз-аздан жұтымдап ішіп жүреді.
3. Мыңжапырақ шөбінің тұнбасы. Екі шай қасық  шөпті бір  стакан қайнаған суға салып 1 сағат тұндырып қояды да кейін сүзгіден өткізеді. Күніне 1/4 стаканнан 4 рет  тамақтан бұрын ішеді.
4. Қарбыз. Қарбыз — күшті зәр айдағыш. Қарбыздың суы қуықтағы тасты ерітеді.
5.  Шөптер қоспасы. Дала қырықбуыны 15  г, қазтабан 15 г. жолжелкен жапырағы 20   г –  бәрін қосып,  талқандап, бір  ас қасығын 2 стакан қайнаған суға шай сияқты   бұқтырып, бір сағат тұндырады. Кешке жатарда  жылы  күйінде біржола бір-ақ  ішеді. Бір емдеу мерзімі — 15  күн.
(«Халық емшілігі» энциклопедиясынан).
16 тамыз 2018 ж. 2 758 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 01:47
Over The Counter Deltasone Medication Canada Prescriptions No Amoxicillin Infant Dosage viagra Propecia Indesiderati

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031