» » Вакцинацияның маңыздылығы – жұқпалы аурулардан қорғанудың тиімді жолы

Вакцинацияның маңыздылығы – жұқпалы аурулардан қорғанудың тиімді жолы


Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Вакцина ағзада белгілі бір инфекцияға қарсы иммундық қорғаныс қалыптастырып, ауруды жұқтыру қаупін және оның ауыр өту ықтималдығын төмендетеді.
Вакцинацияның арқасында адамзат көптеген қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын айтарлықтай азайтты. Уақытылы екпе алу тек жеке адамның денсаулығын қорғап қана қоймай, инфекцияның қоғамда таралуын тежеуге де ықпал етеді. Бұл әсіресе жұқпалы ауруларға осал адамдарды қорғауда маңызды.

Вакцинация не үшін қажет?
•жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі;
•аурудың ауыр өтуі мен асқыну қаупін төмендетеді;
•инфекцияның таралуын шектеуге ықпал етеді;
•ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік береді;
•кейбір қауіпті инфекцияларды жоюға немесе олардың таралуын барынша азайтуға көмектеседі.
Вакцинация Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес белгіленген мерзімде жүргізілгені маңызды. Екпе алдында медицина қызметкері адамның денсаулық жағдайын бағалап, вакцинацияға қатысты қажетті ақпарат береді.
Есіңізде болсын: уақытылы вакцинация – өз денсаулығыңызды және қоғам денсаулығын қорғауға қосқан маңызды үлес.
Екпе алыңыз – аурудың алдын алыңыз!

А.Идрисова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы А.Идрисова
24 тамыз 2026 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930