» » Ішіңіз жиі қата ма?

Ішіңіз жиі қата ма?

Ішіңіз жиі қата ма?
"Ауру – астан" демекші іштің қатуы көбіне тамақтану тәртібінің бұзылуынан немесе дене шынықтыру жаттығуларымен жеткілікті айналыспағаннан болады. Ал іш қату – көптеген жайсыздықтарды тудырып қана қоймай, күнделікті ісіңнің сапасын төмендетеді. Бұл дертке көбінде статистика бойынша нәрестелер мен егде жастағы кісілер тап болады екен. Ендеше іштің қатуына жол бермей, алдын алу үшін төмендегі тәсілдерді ескере жүріңіздер.
1. Ашқарынға таңертең бір стақан қайнатылған салқын су ішіңіз. Алайда оны асықпай ішкен жөн. Себебі салқын су ішектерді оятып, оның жұмысқа кірісуіне себеп болады және ішектегі іркілген қажетсіз заттарды сыртқа шығарады.
2. Ұйқыға жатардан 1-2 сағат бұрын бір стақан айран ішіңіз. Ұзақ уақыт тұрып қалған айран оң нәтиже бермеуі мүмкін. Сонымен қатар айранның бөлме температурасында болуын қадағалаңыз.
3. Таңертегісін қайнаған суға лимон қосып ішіңіз. Одан соң тамақтануды жарты сағатқа қалдыра тұрыңыз. Тіпті лимон болмаған жағдайда балдың да өзіндік әсері бар.
4. Таңертең тұрғанда кофе ішіңіз. Кофе – ішектерді тітіркендіріп, жұмсартады. Алайда оны ашқарынға ішуге болмайды. Себебі тұз қышқылын көбейтіп жіберуі мүмкін. Ашқарынға ішілген судан кейін ғана кофе ішуге болады.
5. Ішіңізге массаж жасап тұрыңыз. Оған көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. 2-5 минут ішіңізді сағат тілі бағытымен аздап басыңқырап уқаласаңыз, нәтижесі оң болады.
6. Ішек жұмысын жақсарту үшін майсана (кастор) майын қолдануға болады. Алайда оны аса қажет болып тұрғанда ғана ішу керек. Себебі оның әсері өте күшті. Майдың 2-3 қасығын ұрттасаңыз, ішіңіз жүреді.
7. Күніне көп мөлшерде су ішіңіз. Сонымен қатар жеміс-жидекті, ірі ұнтақты ұннан пісірілген нанды, бидай талқанын, арпа, сәбіз, қызылша, мейіз, жаңғақ, асқабақ және күнбағыс шемішкелерін көбірек тұтыну қажет. Өйткені бұл тағамдардың әсері іш жүргізетін дәрі-дәрмектен артық болмаса, кем емес.
8. Таза ауада демалып, дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз. Бұл ішек қызметін жақсартады. Егер де 4 күн бойы ішіңіз жүрмесе, онда сүт немесе магнезин секілді іш жүргізетін әлсіз сұйықтық  ішкеніңіз жөн. Есіңізде болсын, іш жүргізетін дәрі-дәрмекке көп әуестенуші болмаңыз. Оның пайдасымен қоса зияны қатар жүреді.
Іштің қатуы асқынған және созылмалы болып екіге бөлінеді. Соның ішінде психологиялық ауырлық, жүйкенің шаршауы, күйзелістен болатын іштің қатуы асқынған түріне жатады. Ал егер де аптасына үлкен дәрет 3 реттен аз болатын болса,  бұл дерттің созылмалы түрі болып табылады.  Бүгінгі таңда созылмалы іш қатуы асқынған түрімен салыстырғанда жиі кездеседі екен. Сондықтан 3 күннен арыға созылған іш қатуы кездескен жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
massaget.kz
10 маусым 2018 ж. 3 133 1

JeaCold от 14 наурыз 2019 00:49
Vente Baclofen 10mg Viagra Generico Donde п»їcialis Propecia Dolor Testicular

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031