» » Көздің көруін нашарлататын сіз ойламаған 6 әдет

Көздің көруін нашарлататын сіз ойламаған 6 әдет


Көздің жақсы немесе нашар көруінде генетика үлкен рөл ойнайды. Біреулердің көзі туғаннан бастап 100% жақсы көреді, ал біреулер кішкентайынан көзілдірік киеді. Десе де, көрудің нашарлауына көптеген факторлар әсер етеді. Олардың бірі – зиянды әдеттер және бізге бір қарағанда жағымсыз салдары бар секілді көрінбейтін әрекеттер. Көз саулығына зиян келтіретін әдеттерді ұсынамыз.

Көзіңізді қолмен уқалай бересіз. Көзді қолмен уқалай беру кей адамдардың әдетіне айналып кеткен. Қолда бактерия көп болады және көзді уқалаған кезде оның нұрлы қабығын зақымдайсыз. Сондай-ақ бұл кезде көз айналасындағы әлсіз қантамырлар бұзыла бастайды. Ол да көз саулығына әсер етеді.

Күннен қорғайтын көзілдірік кимейсіз. Ультракүлгін сәулелердің шамадан тыс әсері көз торын зақымдауы және катаракта, қатерлі ісіктің пайда болуын ынталандыруы мүмкін. Әрине, қорқудың қажеті жоқ. Бұл көбіне сондайға бейім адамдарда кездеседі. Десе де, күннен қорғайтын сапалы көзілдірік киіп жүрген абзал.

Темекі тартасыз. Офтальмологияда темекі тарту мен катаракта даму қаупінің және көрудің нашарлауының арасында байланыс бар екені баяғыда-ақ дәлелденіп қойған.

Үйлесімді тамақтанбайсыз. Сәбіз, қаражидек, бауыр, асжапырақ, майлы балық – көз саулығына пайдалы өнімдер. Күнде бірдей тағамдар жей бермей, рационыңызды барынша түрлендіріңіз. Оған түрлі жемістер мен көкөністер, дәнді-дақылдар қосыңыз.

Экраннан көз алмай, компьютер алдында отыра бересіз. Егер ұзақ уақыт бойы экраннан көз алмай, компьютер алдында отырсаңыз, құрғақ көз синдромына шалдығып, жағымсыз белгілер сезесіз. Әсіресе, экраннан ұсақ мәтін оқуға тырыссаңыз, көзіңізді жыпылықтатуды ұмытып кетесіз, сол үшін көз шырыштысы жайлап құрғайды. Ылғал жетіспеуінен көз жылдам шаршайды және анық көрмейсіз. Үзіліссіз экран алдында ұзақ отыру көз торы жағдайының нашарлауына және алыстан нашар көруге әкелуі мүмкін. Сондықтан компьютер алдында отырғанда әр 20 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Бұл кезде көзге арналған жаттығу жасасаңыз болады.

Бөлмедегі жарыққа мән бермейсіз. Кешкісін үстел шамының астында кітап оқығанды жақсы көресіз бе? Алайда нашар жарық астында жүйелі түрде кітап оқу бірнеше айда көзіңізді құртып жіберуі мүмкін. Көз дәрігерлері жарық біркелкі таралған жерде және арқаны тік ұстап отырып оқуға және жазуға кеңес береді. Әсіресе, жатып кітап оқу көзге өте зиян.

24 қыркүйек 2023 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930